- Ия, Əтеш көке, не шаруамен келдіңіз? – деді кіші қонжық ізет танытып.
- Кеше Кірпі қарияның қарын күреп берген сендер ме? – деп сұрады.
- Иə, көке.
- Ендеше, мен де сендерге 25 теңгеден беремін. Менің үйімді қар басып қалды. Үйден
зорға шықтым. Балапандар тіпті шыға алмай қалды. Тазалап беріңдер, шырақтарым! –
деді кəрі Əтеш.
Екі қонжықтың қуанышында шек болмады. 50 теңге жерде жатқан ақша емес
қой.
- Əрине, Əтеш көке. Қазір үйіңіздің алдын жарқыратып қоямыз! – деді екі қонжық
қалың киімдерін киіп жатып.
Осы күннен кейін екі еңбекқор қонжық туралы хабар бүкіл
Орманды қаласына
тарап кетті. Орманды тұрғындарынан «қорамның қарын күреп беріңдер» деген
тапсырыстар күнде келіп жатты. Екі қонжық сабақтан келген соң лезде күреп бере
қояды. Ал табыстарын əкелері Берке аю секілді жинақ банкіне салып қоятын болды.
Осылайша Ормандыда жас кəсіпкерлер пайда болды.
Балақай, келесі оқиғаны оқымас бұрын ақылгөй қарғаның сұрақтарына жауап
іздеп көрейік.
1. Балақай, сен қандай кəсіп ойлап таптың?
2, Кəсіп бастау үшін қандай адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсың?
3. Жаңа кəсіп идеяң болса, ата-анаңмен бөлісіп көр!