Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы


Қазақстанда алғашқы фармацевтер мен дәрілердің дәріханалық



Pdf көрінісі
бет15/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

 
Қазақстанда алғашқы фармацевтер мен дәрілердің дәріханалық 
технологиясының қалыптасуы 
Қазақстан территориясында фармацевтік қызмет ХІХ ғасырдың 
ортасынан бастау алады. 
Бірінші азаматтық дәріхана пайда болғанша дәрілік заттарды жақын 
елдерден әкеліп сатумен көпестер мен қыдырма саудагерлер айналысты. 
Мұндай сауданың жағымсыз жақтары болып, медициналық білімі жоқ 
адамдардың дәрілерді сатуы және күшті әсер ететін және улы заттарды теріс 
пайдаланатындар табылды. 
Қазақ халқы емдеуде, білімнің қайнар көзі ғасырлар тереңдігінде жатқан 
халық медицинасының бай тәжірибесін қолданды. 


18 
Мистикалық емдеу тәсілдерімен қатар, дәрілік өсімдік шикізаттарынан
дайындалған дәрілік препараттар кеңінен қолданылды, олардың көпшілігі сол 
кезде еуропа және ресейлік медицинада белгісіз болды. 
ХІХ ғ. 60 жылдарының соңында Ташкент қаласында әскери лазаретте 
қызмет атқарған фармацевт Р. Пальм, қазақтар қолданған 200 астам дәрілік 
өсімдіктерді тізімдеді. Сонымен бірге халық медицинасында гомеопатиялық 
препараттар да кеңінен қолданылды. 
1841-1842 жылдары Орал қаласында алғашқы дәріхана ашылды. Ол ұзақ 
уақытқа дейін Қазақстан территориясында жалғыз болды. 
Одан әрі дәрілер ақылы бостатын дәріханаларда босатылды. Алғашқы 
дәріханалар Семей және Петропавл қалаларында ашылды, ал 1875 жылға қарай 
олардың саны алтыға жетті.
 
Петропавлдағы дәріхананың негізін салушы Бухгольц болды. 1881 жылы 
осы дәріхананы провизор А.П. Эберт жалдады. 
Верный қаласында алғашқы жеке дәріхананы 1882 жылы провизор И.Е. 
Сенчиковский ашты. 
Мұрағаттық мәліметтер бойынша, ХІХ ғасырдың 80 жылдарының 
соңында Қазақстан территориясында барлығы үш фармацевт жұмыс істеді, ал 
қалған дәріханаларда дәрігерлер немесе кәсіпкерлер қызмет етті. Әміре 
Дұрмұхамбетұлы Айтбақин өз аймағында провизор қызметін қатар атқарған 
алғашқы қазақ – дәрігері болды. Ол басқарған дәріхана Өскемен және Семейдің 
дәріханаларын дәрілік заттарымен қамтамасыз етті, дәрілік құралдардың бір 
бөлігін Ә.Д. Айтбақин өзі дайындады. 
1900 жылы дәріханалар саны 18 дейін өсті. Сол аралықта Қазақстан 
халқының саны 4472 мыңға дейін өсті және бір дәріханаға 249 мың адамнан 
келді. 
Фармация қызметкерлерінің саны аса төмен – жылына 2-3 адамға өсті. 
1890 жылы барлығы – 8, 1910 жылы – 44 фармацевт, 1915 жылы - 64 болды. 
Олардың 17 провизорлар – дәріханалар иелері, ал 47 - провизор көмекшілері. 
1915 жылы әр фармацевтке шамамен 78 мың адамнан келді. Революцияға 
дейінгі Қазақстанда фармацевтік кадрларды дайындау жүргізілмеді. Ресейде кең 
таралған оқып үйрену Қазақстандық дәріханаларда жәй қалыптасты

Сол кезде 
дәріханалар шын мәнінде бақылаусыз жұмыс істеді, сатылатын дәрілердің 
сапасы мен бағасын ешкім бақыламады. Қымбатшылыққа байланысты 
дәріханаға халық тек аса қажеттілік жағдайда барды. Осы кезеңде фармацевтік 
қызмет қолдауды аса қажет етті.
Осындай қиын қыстау уақытта көрнекті қайраткерлердің бірі Ахмет 
Райымбеков болды. Революциядан кейін А. Райымбеков Қарқаралы, Көкпекті, 
Қатон-Қарағайдағы дәріханаларды басқарды, оның басшылығымен дәріханалар 
жабылмай, халыққа үнемі дәрілік көмек көрсетіп отырды. 
Толық емес мәліметтер бойынша, 1922 жылдың басында Қазақстан 
территориясында барлығы 33 фармацевт болды.
 
1928 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық сауда басқармасы 
Қаздәріхана басқармасы болып қайта құрылды, ал басқарманың бірінші 
төрағасы болып Мәжит
 
Мұхамеджанұлы Чумбалов тағайындалды. 1931 жылы 


19 
М.М.Чумбалов Қазақстанда алғаш рет Семей қаласында ұлттық фармацевтік 
кадрларды дайындауға арналған фармацевтік мектеп ұйымдастырды. 
Арнайы фармацевтік білімі бар бірінші қазақ, республиканың еңбек 
сіңірген фармацевті Қуанышбай Махмұдұлы Үмеқанов болды. Егер 1927 жылы 
Қазақстан территориясында 43 фармацевт, 66 фармацевтің міндетін атқарушы 
болса, 1930 жылы фармацевтер саны - 252, ал міндетін атқарушылар – 190-ға 
жетті. 1937 ж. жылжымалы дәріханалық мекемелер ұйымдастырылды, бақылау-
талдау лабораториялары ашылды, бірінші рет Қазақстан территориясында 
фармацевтикалық фабрика ұйымдастыру сұрағы туды. Жоғары білімді 
фармацевтік қызметкерлердің саны 51 жетті. 
Фармацевт ғалымдар пайда бола бастады. Қазақстандағы фармация 
ғылымының көрнекті қайраткерлерінің бірі Салькен Хасенұлы Суханбердин 
болды. Ол 72 ғылыми еңбектің, соның ішінде 13 кітап және монографияның 
авторы, ол 300 астам медициналық және фармациялық тақырыпқа ғылыми
мақала басып шығарды. Қазақстандағы дәріханалық істің даму тарихын талдау 
көрсеткендей, алғашқы фармацевтер дәріхана жүйесінің негізін салып, еліміздің 
заманауи тәжірибелі және ғылыми фармациясының пайда болуында үлкен роль 
атқарды. 
Қазақстанда фармация ісінің дамуына және қалыптасуына жоғары және 
орта білім беру орындары да үлкен үлес қосты. Алғашқы фармацевтикалық 
факультет 1951 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтында 
құрылды. 
Дәрілік 
түрлер 
технологиясы 
кафедрасы 
1955 
жылы 
ұйымдастырылған, оған дейін фармацевтикалық химия кафедрасының 
құрамында дәрілік түрлер технологиясы курсы ретінде қалыптасқан. 
Дәрілік түрлер технологиясы кафедрасының бірінші жетекшісі ретінде 
1955-1987 жылдар аралығында фармация ғылымдарының докторы, профессор 
Николай Степанович Дубинин қызмет атқарды. 
Кафедраның қалыптасып дамуына Полякова А.Ф., Сдобникова Л. А., 
Никишенко Т. К. және Борадаева Л. С. көп еңбек сіңірді.
Кафедраның қалыптасуы және дамуы Ибрагимова Нұрбике Хайруллиновна 
есімімен тығыз байланысты. Ол 30-дан астам ғылыми еңбектер жазды. 
Ибрагимова Н. Х. Республикада бірінші болып «Еңбек сіңірген фармацевт» 
атағымен марапатталған. 
Қазақстанда дәрілер технологиясының ғылым ретінде дамуына, 
фармацевт мамандар дайындауда үлкен еңбек сіңірген ғалым, фармация 
ғылымдарының 
докторы, 
профессор 
Ділбарханов 
Рахымжан 
Ділбарханұлы.
Ол 1984-1995 жылдар арасында фармацевтік факультет деканы, 1987-1999 
жылдарда дәрілік түрлер технологиясы кафедрасының меңгерушісі болды. Р.Д. 
Ділбархановтың ғылыми жетекшілік етуімен 6 докторлық және 26 кандидаттық 
диссертациялар қорғалып, дәрілік түрлер технологиясын дамытуға ерекше үлес 
қосты, Республикада фармацевт-технологтар ғылыми мектебін қалыптастырды. 
Қазақстанда екінші фармацевтикалық факультет Алматы мемлекеттік 
медициналық институты Шымкент филиалында 1979 жылы ашылды. 


20 
Дәрілер технологиясы кафедрасы 1981 жылы құрылған. Кафедраның 
алғашқы қызметкерлері: кафедра меңгерушісі, фармация ғылымдарының 
кандидаты, доцент Чукурова Р.М., оқытушылары: Рысбекова З. М., Үсенбаева Р. 
Б. болды.
Кафедра меңгерушілері болып әр жылдары Чукурова Р. М., фармация 
ғылымдарының кандидаты, доцент (1981-1993 ж.ж.), Меңдібаев Б. Т., фармация 
ғылымдарының кандидаты, доцент (1993-1997 ж.ж.), Сағындықова Б. А., 
фармация ғылымдарының докторы, профессор (1997 жылдан бастап қазіргі 
уақытқа дейін) қызметін атқарды. 
Сағындықова Б.А. фармация ғылымдарының докторы, профессор, дәрілер 
технологиясы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп, ғылыми қызметкерлер 
дайындап, өз мектебін қалыптастырып келе жатқан фармация саласының белді 
жетекші ғалымы. 
Дәрілер технологиясы бойынша Қазақстанда фармация ғылымдары 
докторлары, 
профессорлар 
Павелковская 
Г.П., 
Аширматова 
М.Н., 
Абдуллабекова Р.М., Қияшев Д.К. жоғары оқу орындарында педагогикалық 
қызметтерімен қатар, фармацевтикалық технологияны дамыту саласында үлкен 
еңбек етіп келе жатқан ғалымдар. Олардың ғылыми еңбектері фармацевтік 
өндіріске отандық өсімдік шикізаты негізінде дәрілік препараттар және жаңа 
технологиялар өндірісін, сонымен қатар, отандық дәрілік препараттар 
технологиясын жетілдіру, жасау және өндіріске ендіруге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет