Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет229/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

3. Көмірсутекті негіздер. 
Көмірсутектер өңделген мұнай өнімдері: вазелин, 
петролат, парафин, вазелин майы, озокерит, церезин. Олардың тұрақтылығы 
жоғары және химиялық инертті. Олар сапасына, тиімділігіне, арзандығына 
байланысты жағар майлар технологиясында кеңінен қолданылады. 
Артықшылықтары: сақтағанда тұрақты, химиялық индифферентті, майлы 
балауыздармен оңай балқиды, оңай жағылады, көптеген дәрілік заттармен 
сыйымды, тиімді. 
Кемшіліктері: сұйық дәрілік заттармен нашар араласады, теріге нашар сіңеді, 
сондықтан резорбтивті жағар майлар технологиясында қолдану тиімсіз, терінің 
газ және жылу алмасуын бұзады, кейбір жағдайларда вазелин аллергиялық, 
сенсибилизациялық әсер көрсетеді, қиын жуылады. 
Вазелин
(Vaselіnum)
фармацевтік іс-тәжірибеге 1876 жылы енгізілген. 
Вазелин өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған. Ол атом саны С
17

С
35
болатын қатты және сұйық көмірсутектер қоспасы. Бұл тұтқыр, мөлдір, 
сыртқы көрінісі бойынша ақ түсті (Vaselіnum album) немесе сары түсті 
(Vaselіnum flavum) жіп тәрізді созылмалы біртекті масса. Вазелиннің бұл екі 
сорты тең бағалы. Қандай мұнайдан алынуына байланысты вазелиннің балқу 
температурасы 37
0
пен 50 
0
С аралығында ауытқиды. Вазелин суда ерімейді, 
этанолда аз ериді, хлороформда, эфирде ериді, балауыз және майлармен (майсана 
майынан басқасы) барлық қатынаста араласады. КСРО МФ Х басылымына 
сәйкес, егер рецептіде негіз көрсетілмесе, онда вазелин қолданылады. Бірақ 
көптеген дерматологтар вазелинді тек сау теріге қолдану керек екенін анықтады. 
Себебі, науқастарда жоғары сезімталдық байқалған. 
Вазелин тері және кілегей қабаттарына сіңбейді және дәрілік заттың толық 
босап шығуын баяулатады, сондықтан оны терінің беткі қабатына әсер ететін 
жағар майлар негізі ретінде қолданған тиімді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет