329
Олар цилиндрлік тот баспайтын қорғасын корпустан тұрады.
Корпустың
ішінде қатты полимер материалдан жасалған поршенді жылжытып тұратын
штокпен (2) қамтамасыз етілген. Поршень мундштук (3)
арқылы жағармайды
итереді.
Сурет 41.
Туба толтырғыш құрал
Тұрақтылығы жеткіліксіз дәрілік түр болғандықтан барлық линиментерді
қысқа
мерзімге, ең жақсысы ex tempore дайындаған дұрыс. Линиментерді
салқын, жарық түспейтін жерде тығындалған құтыларда сақтайды. Ұшқыш,
термолабильді заттары бар линиментерді 10
0
С төмен температура жағдайында
дайындайды. Қою линиментерді кең мойынды
құтыларда немесе тубаларда
босатады. Суспензиялық линиментерді «Қолданар алдында шайқа» деген
этикеткамен безендіреді.
Дәріханада дайындалған жағармайлардың сақталу мерзімі 10 тәулік.
Достарыңызбен бөлісу: