Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет298/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Стерильді фильтрлеу. 
Жылуға және радияциялық әсерге сезімтал дәрілік 
заттардың ерітінділері үшін, кіші саңылаулы фильтрлер арқылы фильтрлеп 
стерильдеу әдісін қолдануға болады. Микроорганизмдердің тек қана өмір сүру 
қабілетін жоятын стерильдеудің басқа әдістеріне қарағанда, фильтрлеп 
стерильдеу ерітіндінің толығымен апирогендігін қамтамасыз етеді. Фильтрлеп 
стерильдеу кезінде толық таза ерітінді алу үшін, терең қабатта сүзетін және 
мембрандық фильтрлер сәйкес фильтрлеуші орталар қолданылады. Терең 
қабатты (глубинные) фильтрлер: керамикалық және фарфор (саңылауының 
көлемі 3-4 мкм), шыны (шамамен 2 мкм), қағазды-азбесті (1-1,8 мкм), сонымен 
қатар мембрандық (ультра) фильтрлер «Владипор» (0,3 мкм) және т.б. 
қолданылады. 
Терең 
қабатты 
фильтрлер 
микроорганизмдерді 
ұстап 
қалу 
механизмдерінің күрделігімен (адсорбционды, инерционды, елеуіш тәрізді) 


377 
сипатталады. Фильтрлердің қалыңдығына байланысты, фильтрде оның 
саңылауынан кіші мөлшердегі бөлшектер де ұсталынып қалады. 
Керамикадан жасалған (свечалар) фильтрлерге саңылауларының 
көлемімен ажыратылатын «бактериялды фильтрлер», Л-56 және Ф-5 жатады. 
Олар бір жағы жабық, ал екінші жағы қуыс болатын бос цилиндр түрінде 
жасап шығарылады. Ерітінділерді фильтрлеу қысым астында немесе жиі 
вакуумен жүргізіледі. Біріншісінде алдын-ала фильтрленген ерітіндіні 
бактериологиялық фильтр ішіне енгізіледі. Ерітінді, фильтрдің қабырғалары 
арқылы сорылып, стерильді ыдысқа ағады (Шамберлен свечкасы). Екінші 
жағдайда сұйықтық свечканың қабырғасы арқылы сорылып, одан сыртқа 
шығарылады (Беркефельда свечкасы). Свечалардың саңылауының мөлшері 3-4 
мкм. 
Фарфорлы фильтрлер жұмыс алдында термиялық тәсілмен стерильденген 
болуы керек. 
Стерильдеудің бұл тәсілі фильтрлеу баяу жүретіндігімен және ерітіндінің 
едәуір мөлшерінің қалың қабатты фильтрдің саңылауларында қалып 
жоғалуымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет