Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі оңТҮстік қазақстан медицина академиясы



Pdf көрінісі
бет59/388
Дата05.12.2022
өлшемі6,31 Mb.
#161212
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   388
Байланысты:
ДТН Сагиндыкова

Дәріханалық бюреткалар.
Дәріханалық бюретка қондырғысы 9 
суретте келтірілген. Бюреткалық қондырғының негізгі бөліктері, ол: 
бюретка, жабдықтау түтігі және жабдықтау трубкасы болып табылады. 
Бюреткалық қондырғыны 8, 16 және 20 бюреткадан жинақталады. Бюретка – 
концентрлі ерітінділерге арналған градуирленген шыны трубка. Бюретканың 
төменгі жағына шыны ұштық бекітілген, ол бюретканың өлшегіш бөлігіне 
кірмейді. Бюреткадағы жабдықтаушы түтіктер шыныдан жасалған.
Сурет 9. 
Дәріханалық бюретка
Сурет 10. 
Дәріханалық
пипетка қондырғысы 
 
Жабдықтаушы түтік арқылы сұйықтықпен толтыру үшін кранды тығынның 
боялған ұшымен жоғарыға қарай бұрайды. Кранды тығынның боялған 
ұшымен төмен қарай бұрау арқылы сұйықтықты төгуге болады.
Жабдықтаушы түтіктері полиэтиленнен жасалған бюреткаларда 
қолданылады. Бюреткалардың бұл түрінің ерекшелігі – диафрагмалық 
крандардың болуы. Олардың әрқайсысының диафрагмалық клапандары 
болады: толтырушы және төгуші. Клапандар «толтыру» және «төгу» үшін 


92 
қолмен тартпалы клавишаларымен қосылған. Егер «толтыру» клапанын 
басса, онда сұйықтық бюреткаға жабдықтаушы түтікше арқылы түседі, ал 
егер «төгу» клапанын ашса – сұйықтық бюреткадан төгіледі. Қазіргі кезде 10, 
25, 60, 100 және 200 мл сыйымдылықты бюреткалар шығарылады.
 
Дәріханалық пипетка қондырғысы. 
Дәріханалық пипетка (сурет 10) аз 
көлемді сұйықтықтарды өлшеуге арналған. Пипетка комплектісі төменгі 
бөлігі тарлау болып келетін градуирленген түтіктен тұрады және 2 тубусы 
бар: жоғарғы және бүйірлі. Жоғарғы тубусқа сұйықтықты пневматикалық 
соруға арналған шар тәрізді резина баллон кигізіледі. Бүйірлі тубусқа бос 
ұшы қатты резина тығынмен жабылған кішірек резина трубка кигізіледі. 
Пипетканы этикеткамен безендірілген баллон ішіне орналастырады. 
Пипеткаларды 3, 6, 10 және 15 мл сыйымдылықта шығарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   388




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет