22
жүруі мүмкін немесе көпшілігінің қалауы бойынша барлығы бір іс-әрекет
түрімен айналысуына болады.
Балалар айналадағы болып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, тәжірибе
жинақтауы және дағдыларды игеруі үшін олардың қиялын дамыту,
шығармашылық қабілеттерін ашу ұсынылады, ол үшін балаларға жұмыс жасауға
дайын үлгі беруді жиі қолданбау, бейнелеу құралдарын қолданып, бейнелерді,
құрастыруларды өзбетінше жасауға ынталандыру, оларға еркіндік беру,
тапсырманы шығармашылықпен орындауға баулу.
«Музыка» ұйымдастырылған іс-әрекеті мектепалды даярлық сыныптарында
аптасына екі рет білім беру ұйымының сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы
тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар,
балалар музыка аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт
бөлінеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес
жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында
оқу - тәрбиелеу процесі 1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін жүзеге
асырылады (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының
мазмұнын меңгеру кезеңі).
Достарыңызбен бөлісу: