Ұйымдастырушылық
–ізденістік
|
Ғажайып сәт:
Қолында сыйлығы бар қоян кіреді.
Қоян:Сәлеметсіңдер ме!
Тәрбиеші:Қоян тым көңілдісіңғой?
Қоян:Ия балалар бүгін менің туған күнім,маған қасқыр сыйлық берді.
Тәрбиеші:Сыйлығыңды бізге көрсетесіңбе?қасқыр саған не сыйлады?
Қоян:Білмеймін,сыйлықты бірге ашып көрейікші.Ой,балалар мына қораптың ішінде дым жоққой?
Сонда мені қасқыр алдағаны ма?
Тәрбиеші:Қоян,ренжіме қораптың ішінде хат бар екен.Қане,ашып көрейік.Қасқыр саған тапсырмалар беріпті,сол тапсырмаларды орындасаң сыйлығыңды аласың депті.
Қоян:Ол қандай тапсырма?
Әр түрлі көптеген тапсырмалар екен.
Қоян:Балалар маған тапсырманы орындауға көмектесесіңдер ме?(ия)
Балалар қане ендеше қасқырдың тапсырмасын тез-тез орындау үшін екі топқа бөлінейік.
1-Ақылдылар тобы.
2-Тапқырлар тобы.
Қай топ тапсырманы дұрыс әрі тез жауап берсе, мен сол топқа жұлдызша ұсынып отырамын.
1-ші бөлім. «Бәйге»
1-ші тапсырма.
1.Неше жыл мезгілі бар?
2.Жыл мезгілдерін ата?
3.Жаңбыр жауғаннан кейін аспанда не пайда болады.
4.Үй жануарларын ата?
5.Қандай үй құстарын білесің?
6.Жабайы жануарларды ата?
7.Табиғат нешеге бөлінеді?
8.Тірі табиғатқа не жатады?
9Өлі табиғат қа ше?
10.Қазір жылдың қай мезгілі?
11.Айларын ата?
2-ші бөлім.
2 тапсырма математикаға байланысты берілген.
«Сан қатары»
Балаларға жеке карточкалар таратылып беріледі.Тура және кері үш тілде санап айтып беру.
1....4...3...5...2
5...2...1....4...3
Логикалық сұрақтар.
1.Аспанда қанша күн бар?
2.Адамда неше аяқ бар?
3.Бағдаршамның неше түсі бар?
4.Машинада қанша дөңглек бар?
5.Қолғапта неше саусақ бар?
1.Табақта үш алма,
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады қанша алма?
2.Екі қаз ұшып барады,
Биіктен төмен қарады.
Аяқ нешеу,бас нешеу.
Жауабын кім табады.
«Геометриялық пішіндерді ата»
-Бұрышы жоқ қандай пішін?
Сергіту сәті.
Сергіту сәті «Көңілді күн»
Тіл жаттығу
Қо-қо-қо-қоян
Ян-ян-ян-қоян.
Балалар енді
Жекеше, көпше түрде айтайық.
Қоян -қояндар
Көжек -көжектер
Қостілділік:
Қоян-заяц-hare
Туған күні-день рождения-birthday
3-ші бөлім.
3-ші тапсырмада
-Қоян қайда өмір сүреді?
-Түсі қандай болады?
-Қоян қандай аң?
-Қандай ертегілерде кейіпкер болып ойнайды?
-Қоян туралы кім тақпақтар айтып береді?
Мақал –мәтелдер білесіңдер ме?
-балалар қоян нені ұнатады?
-дұрыс айтасыңдар сәбізді.
-Ендеше балалар бізде қоянның туған күні болғандықтан оған арнап сыйлық дайындайық.Туған күні болғандықтан оған тәтті торт дайындайтын боламыз.
«Кім жылдам»дидактикалық ойын.
Балаларды екі топқа отырғызып,торт жасату. Жұмыстану барысында балаларға тазалық ережесін ескертіп айтып өту.
«Туған күн» әнімен Чебурашка Генаның қазақша әнін айтып қоянды туған күнімен құттықтау.Қоян балалармен қоштасады.
Қимылды ойын:«Қоян мен қасқыр»
Мақсаты:балалардың зейінің,қимыл-қозғалыс әрекеттерін дамыту.
Ойын шарты: «Қасқырды» таңдалады. Қалған қатысушылар - «қояндар» болады. Тәрбиешінің дабылы бойынша «қояндар» секіреді, екінші дабыл кезінде қозғалмай, қатып қалады да, ағаш қалпын бейнелейді. Осы кезде «қасқыр» айналып жүріп, қозғалып тұрған адамды іздейді. Ұсталынған адам «қасқыр» болады.
|
Балалар келген қонаққа таңдана қарап амандасады.
Балалар қоянның тапсырмаларын орындауға көмектесетіндерін айтады.
Екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.
-төрт жыл мезгілі
Көктем,жаз,күз,қыс.
-Кемпірқосақ
сиыр,қой,түйе,жылқы,ешкі
-тауық,әтеш,қаз,үйрек.
-Арыстан,қасқыр.
-тірі және өлі табиғат
-Өсімдік,жануарлар,құстар
-Жер,су ауа.
-Көктем.
-наурыз,сәуір,мамыр.
Балалар сандарды тура және кері үш тілде санайды.
-1
-2
-3
-4
-5
-5 алма
-бас -1
-аяқ-2
Балалар пішіндерді атайды.
Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен орындайды.
Тілдерін жаттықтырады.
Жекеше,көпше түрде атайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды.
-орманда
-ақ,сұр
-қорқақ
Байырсақ,
Ақ қоян-ау,ақ қоян.
Ұзын құлақ сақ қоян.
Қаша берсең орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
Қоян көлеңкесінен қорқады,
Қанжығада табысады.
-сәбізді
Балалар қоянға арнап сәбізді бейнелейді.
Әнді бәрі бірге шырқап қоянға дайындаған сыйлықтарын ұсынады.
Қоянмен,балалар қоштасады.
Қимылды ойынды балалар ұжымдасып,үлкен қызығушылықпен ойнайды.
|