Сборник республиканских Педагогических чтений для педагогов в сфере дошкольного образования


Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата06.12.2022
өлшемі3,05 Mb.
#161640
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Байланысты:
Sbornik 241221

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы.Алтынсариннің 
идеяларын іске асыру 
 
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы. Алтынсариннің 
идеяларын іске асыру жұмыс жоспары
№ 
Іс-шара атауы
Мерзімі
Өткізіле
тін орны
1
Ата-аналарға кеңес беру: «Мектепке дейінгі 
жастағы балалардың тәрбиесіндегі 
Ы.Алтынсарин шығармаларының орны» 
Қыркүйек 
топта 
2
«Даланың алып қоңырауы»
 
Ы.Алтынсариннің 
өмірі және шығармашылығымен балаларды 
таныстыру. 
Қазан
қарша 
Музыка 
залы 
3
Балалармен, ата-аналармен сурет көрмесін 
ұйымдастыру «Менің сүйікті әңгімем» 
Желтоқсан 
Топта 
4
«Менің сүйікті өлеңім» мәнерлеп оқу сайысы 
Қаңтар 
Музыка 
залы 
5
Балалармен, ата-аналармен «Ғылым таппай 
мақтанба...» жобалар жинағы 
Жыл бойы 
Топта, үйде 
6
«Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы» 
Ақпан 
Әдістемелік 
кабинет 
7
Театрландырылған көрініс «Әке мен бала» 
Сәуір 
Музыка 
залы 
8
Презентация. мектепалды даярлық: «Кел 
балалар оқылық» 
Мамыр 
топта 
Осы жұмыс барысында ата-аналар мектеп жасына дейінгі балалар 
тәрбиесінде Ы.Алтынсарин шығармаларының маңыздылығын түсініп, «Жеміс 
ағаштары» атты әңгімесінде тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң 
анау тұрған үлкен, қисық ағашқа ұқсап өсесің деп әке баласына берген ақыл 
ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді және 
адамның мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбие рөлінің ерекшелігіне 
тоқталып,
 
бала тәрбиесіне үлкен мән беру жеміс ағашын өсіруші бағбан 
еңбегімен қатар келетіндігін жазған. Сонымен қатар «дүниедегі жақсы атаулы 
күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарып, сіңеді» - деп тұжырым 
жасайды. Ы.Алтынсарин өз шығармаларында балаларды адамгершілік 
қасиеттерге баулып отыру білім беру ұйымы мен ата-ананың ортақ міндеті деп 
түсінді. Осы идея Алтынсарин әңгімелерінің арқауы болып табылады. Ол – 
еңбек адамның өмір туралы көзқарасын кеңейтіп, оның бойында жақсы 
қасиеттердің (кішіпейілділік, мейірімділік, зеректік, әдептілік, жинақтылық, 


12 
жомарттық) қалыптасуына әсерін тигізетінін, сондықтан әрбір ата-ана 
еңбектің осындай жасампаздық қасиетін балаға кішкентайынан ұғындыра 
білудің қажеттігін айтады. 
Мәнерлеп оқу сайысы, жобалар жиынтығы, драмалау әдістері мектеп 
жасына дейінгі балаларды адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат 
болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет 
жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады. Жалпы еңбекті қадірлеу 
Ы.Алтынсариннің шығармаларының басты тақырыбы.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде Ы. Алтынсариннің идеяларын 
жұмыс тәжірибесінде қолдану. 
Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсақ та баланың санасын оятып, 
оларға үлгі-өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс-әрекетке 
үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, 
талаптылық, 
жігерлілік, 
ізденімпаздық, 
кішіпейілділік, 
махаббат 
қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық және т. б. осылар тәрізді жақсы 
мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды. 
Сонымен қатар, Ыбырайдың қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да 
мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мақсаттарына пайдаланамыз. Қазақ 
халқының ауыз әдебиетінен жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының 
үлгісі «Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр – халқы үшін ең қиыншылық 
кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда 
балаларға, әсіресе, батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды. 
Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыбы. 
Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей 
шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік 
суреттер арқылы бейнелейді. 
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетке баулу мақсатында 
Ыбырай Алтынсариннің хрестоматиясына енген тәлім-тәрбиелік мәні өте зор 
шығармаларына шолу, талдау жасасақ, бұл шығармалар қысқа болғанымен 
таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар туындылар. Мысалы: 
«Әке мен бала» (жалқаулықты сынайды), «Асыл шөп» (сабырлықты), «Шеше 
мен бала» (қайырымдылықты), «Кішіпейілділік», «Түлкі мен ешкі» 
(өтірікшілікті), «Жаман жолдас» (қара басының қамын ойлауды), «Қисық 
ағаш» (қыңырлықты), «Таза бұлақ» (адалдықты уағыздайды) және т.б. 
Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен 
әңгімелерінде ағартушы-ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті 
қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана 
көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам 
ғана біледі. 
Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға енген мақалдар да 
бар. Олардан кейбіреулерінен мысал келтірейік: «Ерте тұрғанның ырысы 
артық», «Ойнақтаған от басады», «Ұят өлімнен күшті», «Талаптыға нұр 
жауар», «Саяқ жүрсең таяқ жерсің», «Ащы мен тұщыны татқан білер», «Алыс 
пен жақынды жортқан білер», «Кім жүгірсе сол озады», «Жатқанға жан 
жуымас», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет