2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет173/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

 
1) қолданыстағы заңнаманы, нормативтік және қаржылық құжаттарды 
зерделеу;
 
2) 
медициналық 
стационардың 
немесе 
оңалту 
орталығының 
басшылығымен, оның жұмыс істеу шарттары мен тәртібімен танысу;
 
3) тәжірибелі мұғалімдер арасынан кадрларды іріктеу және жұмысқа алу; 
 
4) стационардағы мектептің педагогикалық құрамын нормативтік 
құжаттармен, емдеу немесе профилактикалық мекеменің жұмыс істеу 
ерекшелігімен таныстыру, нұсқаманы өткізу журналында ресімдеу рәсімін 
ескере отырып, балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі бойынша 
нұсқама өткізуді қамтамасыз ету;
 
5) медициналық стационар жанындағы құрылымдық бөлімшенің жұмысы 
туралы бұйрық дайындау, нақты адамға (оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына, 
тәжірибелі мұғалімге) емделіп жатқан балаларды оқытуды ұйымдастыруға, 
барлық қажетті құжаттаманы жүргізуге, мұғалімдердің балалармен оқу 
сабақтарын уақтылы өткізуіне жауапкершілік жүктелсін;
 
6) Балаларды жеке және топтық оқытуды дұрыс ұйымдастыру мәселесін 
алдын ала зерделей отырып, оқыту түрі (жеке немесе топтық) айқындалатын 
(емдеу мекемесінің атауы) емдеудегі оқушыларды оқытудың шарттары мен 
тәртібі туралы ереже бекітілсін;
 
7) Оқу жұмыс жоспарын белгіленген тәртіппен әзірлеу, келісу және бекіту 
кезінде психикалық дамуы тежелген, әртүрлі дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар 
оқушыларға арналған жоспарларды енгізу көзделсін. Мұғалімдердің жалпы 
білім беретін және көмекші оқу бағдарламаларын, ҚР БҒМ бекіткен 
бағдарламаларды пайдалануын қамтамасыз ету;
 
8) бөлімше меңгерушісі немесе бас дәрігер бекіткен білім беру ұйымына 
бекітілген стационарда емделіп жатқан балалар тізімі негізінде педагог 
кадрлардың тарификациясы жүргізілсін; 


318 
9) Сынып журналдарын, кестеге сәйкес мұғалімдердің стационарға баруын 
тіркеу журналын, балалардың келуін және кетуін есепке алу журналын уақтылы 
жүргізуді формативті бағалау негізінде (1-ден 10 балға дейін) оқыту туралы 
анықтама беруді қамтамасыз ету, жекелеген жағдайларда бағалау осы 
Қағидалардың 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;
 
10) стационарда емделіп жатқан балаларды оқулықтармен және мектеп 
керек-жарақтарымен, компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету қажет; 
11) стационарлар/орталықтар жанындағы мектептерде жұмыс істейтін 
мұғалімдердің курстық даярлықтан өтуін қамтамасыз ету керек; 
12) педагогикалық кеңестегі стационардағы мектептегі оқу жағдайы 
мәселесін қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет