2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


ИНТЕРНАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ



Pdf көрінісі
бет174/181
Дата08.12.2022
өлшемі3,39 Mb.
#161847
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық

34. ИНТЕРНАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
2022-2023 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде арнайы 
мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, 
негізінен Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі 
туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық 
түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарын басшылыққа алуға, оқу процесін 
нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асыруға тиіс: 
«Жаңартылған мазмұн бойынша бастауыш білімнің жалпы білім беретін 
пәндері бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін 
жаңартылған мазмұн бойынша негізгі орта білім беру үшін үлгілік оқу 
бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің
03.04. 2013 жылғы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар 27.07.2017 
жылғы № 352,. 20.09.2018 жылғы № 469, 05.02. 2020 жылғы № 51, 01.04.2022 
жылғы № 123 бұйрытармен енгізілген); 
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 30.10.2018 жылғы №595 
бұйрығы (29.12.2021 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен №614 бұйрығы); 
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау 
ережесі (ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01. 2022 № 6 бұйрығы). 
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын 
және оларды беру қағидаларын бекіту туралы (ҚР Білім және ғылым 
министрінің 28.01.2015 жылғы № 39 бұйрығы (16.03.2018 жылғы өзгертулермен 
және толықтырулармен № 210 бұйрық). 
Интернаттық білім беру ұйымдарының түрлері: 
1) әскери мектеп-интернат; 
2) жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат; 
3) көп балалы және аз қамтылған балаларға арналған мектеп-интернат; 
4) мектеп-интернат; 
5) санаториялық мектеп-интернат; 
6) тірек мектеп жанындағы интернат (ресурстық орталық). 


319 
Санаториялық мектеп-интернат облыстық, қалалық туберкулезге қарсы 
диспансер жанындағы жергілікті денсаулық сақтау органдарының комиссиясы 
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың білім және денсаулық сақтау 
басқармаларының жолдамалары бойынша оқу жылы басталғаннан немесе 
жартыжылдықтан бастап алты (жеті) жастағы балаларды қабылдауды жүзеге 
асырады. Бос орындар болған жағдайда оқу жылы басталғаннан кейін 
оқушыларды қабылдауға рұқсат етіледі. Санаториялық мектеп-интернатта 
ауыстыру емтихандары өткізілмейді. Сынып пен топтың толымдылығы 20 
баладан аспайды, толық сауыққанға дейін (туберкулезге қарсы диспансерді 
есептен шығарғанға дейін) оқу жарты жылдығынан кем болмайды. Балалардың 
болу мерзімі ұзақтығы медициналық көрсеткіштер бойынша 5-10 айға 
ұзартылады және оны Комиссия қарайды. 1-5 - сыныптардағы сабақтардың 
ұзақтығы 35 минут, 6-11(12) - сыныптарда-40 минут. Әр сабақтың алдында дене 
шынықтыру жаттығулары өткізіледі. 
Білім алушылар «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік 
көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 
қаулысына сәйкес киіммен, аяқ киіммен, жұмсақ мүліктермен, жеке гигиена 
заттарымен, оқулықтармен, ойыншықтармен қамтамасыз етіледі (31.03.2022 
жылғы өзгерістер мен толықтырулармен).
Арнайы мектеп-интернаттарға білім алушыларды қабылдау "Кемтар 
балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау 
туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы негізінде 
(26.06.2021 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен) психологиялық-
медициналық - педагогикалық консультацияның (бұдан әрі-ПМПК) және 
медициналық мекеменің дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан 
әрі - ДКК) қорытындысына сәйкес жүргізіледі. 
Арнайы мектеп-интернаттар болмаған жағдайда жалпы білім беретін 
мектептерде жоғарыда аталған балалар үшін арнайы сыныптар құрылады. 
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 
2012 
жылғы 
23 
тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (15.08.2017 жылғы өзгерістерімен 
және толықтыруларымен) сәйкес жүзеге асырылады. Үлгілік оқу жоспарлары 
«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым 
министрінің 
2012 
жылғы 

қарашадағы
№ 500 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілер тізілімінде № 8170 болып тіркелген). (26.01.2022 жылғы 
өзгерістермен және толықтырулармен) Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 «Жалпы білім беру 
ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және 
факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 
бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы 


320 
білім беретін оқу бағдарламалары бойынша (өзгерістер мен толықтырулармен 
01.04.2021 ж.) іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет