5
2.Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлеуметтік маңыздылығын,
оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі екендігін
ұғындыру.
3. Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, архив ісі, тіл білімі, педагогика сияқты ғылым
салаларымен байланысын көрсету.
4. Құжаттардың толтырылуы мен рәсімдеу ережелерін үйрету.
5. Іс қағаздарын толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі,
мақсаты сияқты білім негіздерімен қамтамасыз ету.
6. Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексика,
фонетика, грамматика сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
7. Іс жүргізу саласындағы сөздік қорларын дамыту.
8. Іс қағаздарын мемлекеттік стандартқа сай, әрі сауатты толтырудың практикалық дағдысын
қалыптастыру.
«Тіл туралы» заң
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында тілдердің қолданылуының
құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды оқып
-
үйрену мен дамыту жағдайы жөніндегі
міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді. Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Диаспора
-
өзінің тарихи шығу тегінен тысқары елде тұратын халықтың бір бөлігі.
Ономастика
-
тіл білімінің
жалқы есімдерді, олардың пайда болуы мен өзгеруінің тарихын
зерттейтін бөлім.
Орфография –
дұрыс жазу ережесі.
Топонимика –
ономастиканың географиялық объектілердің атауларын қолдану
заңдылықтарын зерттейтін бөлімі.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1.
Мемлекеттік тілде іс жүргізу курсының мақсаты мен міндеті қандай?
2.
Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
3.
Құжаттау дегеніміз не?
4.
Іс қағаздарын жүргізу қандай салалармен байланысты?
5.
Қазіргі кездегі іс қағаздарын түгелдей мемлекеттік тілде жүргізуге сіздің көзқарасыңыз
қандай?
Достарыңызбен бөлісу: