Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет9/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

жазып шығыңдар. 
 
Қазақстан жаңа ғасырға дүние жүзі елдері қатарында терезесі тең ел ретінде келіп отыр. 
Жаңа ғасырды бастаған ұрпақ келер ұрпаққа қарыздар болып қалмас үшін қолдан келген 
игіліктерді жасайтыны анық. Қашанда білімі мол, рухани бойлығы бар халықтың ұл
-
қыздары 
ешқашанда жүдемесі хақ Әзірге біздің байлығымыз –
білім. Оны өмір өзі дәлелдеп келеді. 
Рухани байлықтың таза көзі –
мектеп, жоғары және арнаулы оқу орындары. 
3-
тапсырма.
«Білім артық па, байлық артық па?» 

атты мақалаға өз ойыңызды 
білдіріңіз.
 
YII ғасырда өмір сүрген, мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының (әміршісінің) 
бірі Әлидің ел ішінде «ілімнің қақпасы» аталып кеткендігінің рас
-
өтірігін сынау мақсатында 
жерлестері оған он адамды кезекпен жібермекші болады. Олардың бәрі Әлиге «Білім артық 
па, байлық артық па?» деген бір
-
ақ сұрақ қоюға келіскен. Егер осы сұраққа он түрлі жауап 
берсе ғана халифаны шын мойындамақ болыпты. Сонда хазреті Әли он адам қойған бір 
сұраққа түрлі дәйектермен былай деп жауап берген екен.
1. Білім артық, өйткені ол –
пайғамбарлардан қалған мирас, байлық –
бақылдардан 
қалған мұра.



2. Білім артық, білімдінің жанында адал достар көп болады, ал бай адамның қасында 
амал достар ғана жиналады.
3. Білім артық, ол досыңды көбейтеді, ал байлық дұшпаныңды арттырады.
4. Білім артық, оны қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай берсең, бір күні 
таусылады.
5. Білім артық, оны ұры
-
қарыдан сақтаудың керегі жоқ, ал жиған дүниеңді сырт 
көздерден қорғаштаумен өтесің.
6. Білімің көп болса, ел саған қызығады, байлығың көп болса, ел сенен өз дүние

мүлкіңді қызғанады, білімнің артық болатыны сол.
7. Білім артық, білімің көп болғанмен
есеп
-
қисап жүргізбейсің, байлығыңа ұдайы есеп 
жүргізіп тұруың керек.
8. Білім қанша көп болса да іріп
-
шірімейді, ал дүние
-
мал болса бүлінеді, сондықтан да 
білім артық.
9. Білім артық, ол кісілігің мен кішілігіңді арттырады. Байлық болса сараңдық пен 
қомағайлығыңды күшейтеді.
10. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттігі де артады. Байлығы мол адам оған 
мастанып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан білім артық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет