3. Практикалық сабақтың тақырыбы: Ғылыми - көпшілік әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилі. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі Ғылыми
-
көпшілік әдебиеттер стилінің пайда болуы ғылым мен техниканың дамуымен
тікелей байланысты. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады.
Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып,
дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни
дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше.
Ғылыми шығармалар жалпыхалықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік
тәсілдерді
пайдалануда, оның өзінің ерекшелігі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік
-
сөз тек өзінің негізгі мағынасында
жұмсалады. Сөздің көп мағыналығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым
салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Сонымен
бірге белгілі бір ғылымның саласында қолдану аясына байланысты жалпылама лексиканың
кейбір сөздері термин сөздерге айналады. Ғылым ылғи алға басып дамып отыратыны белгілі.
Ғылымның дамуымен бірге жаңа ұғымдар туып отырады.
Ғылыми стильде жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл
стильдің негізгі ерекшелігі
-
мұнда ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдеме және
формулаларға негізделуінде. Сонымен бірге, әрбір ғылым саласының ерекшелігіне қарай
баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктері болады. Мысалы, қоғамдық ғылымдарда тіл еркін
және мәнерлі қолданылады.
Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді. Бұл адамның
ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу
мақсатында қалыптасқан стиль. Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеттері ойды
дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді. Ғылыми стильдің тілдік көріністерінде
ғылыми ұғымдарды дәл атайтын, соған арналған терминдер мол орын алады. Тұжырымды
ойларды бір терминге келтіріп, түйіндеп айту негізгі тәсіл болады.