30
Орындаушы: Б.С. Кертай
Телефоны: 00
-00-00
Постскриптум.
Латын тілінен аударғанда «хаттың аяқ жағына,
қол қойылғаннан
кейін “p.s” таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөз немесе мәтін» деген мағына
береді.
Постскриптум қызметтік хаттарда мынадай екі жағдайда ғана жазылады:
1) адресатқа міндетті түрде жеткізілуі тиіс мәлімет хаттың негізгі мазмұнында
айтылмай қалса, хат
дайындалып қол қойылып қойса, қойылған қолдан кейін “p.s” белгісі
қойылып, қосымша айтылатын мәлімет жазылады. Бұдан кейін қайтадан қол қойылады;
2) хат мазмұнында айтылған ақпарат, мәлімет өзгерген жағдайда да қойылған қолдан
кейін “p.s” белгісі қойылып жаңа ақпарат жазылады. Ол да
қайтадан қойылған қолмен
расталады.
Өтініш хат
Өтініш хат –
белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге
тілек
-
өтініш білдіретін хат.
Үлгі
Павлодар қ. «Данабанк» ААҚ
-
сына
Мемлекеттік нотариалдық
кеңсесі
№ 00012
«___» __________ 20___ж.
Павлодар қ. Мемлекеттік нотариалдық кеңсесі
Иван Алексеевич Сидоровтың
04.07.2002 жылы қайтыс болған мезгілінде Елена Сергеевна Сидорованың атына салған
салымы бар болса, сол туралы мәлімет жіберулеріңізді өтінеді.
Мәлімет мұрагерлікті ресімдеу үшін қажет.
Павлодар қ. МНК
-
нің мемлекеттік
кеңсесінің нотариусы М.О.
қолы /тегі/
Достарыңызбен бөлісу: