Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет35/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Датасы.
 
Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат 
жазылған ай цифрмен емес, жазбаша көрсетілгені дұрыс. 
Хатты алушы мекеменің аты мен мекен
-
жайы. 
Тақырыптан кейін хат жолданып 
отырған мекеменің аты, келесі жолға адресаттың аты
-
жөні жазылады. 
Егер адресат тегін (фамилиясын) білмесеңіз, лауазымын ғана көрсетуге болады. 
Мысалы, Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің редакторына немесе № 10 орта мектептің 
директорына т.с.с.
Кіріспе сөз. 
Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да, ұйым басшысына жеке де қарата айтыла 
береді. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады. Мысалы,
«Құрметті М.С.Ахмет мырза!»
«Құрметті А.Ж.Ахмет ханым!»
«Т.С. Сыздық мырзаға!»
Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұсқау. 
Көп жағдайда негізгі мәтіннен бұрын 
хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады. Бұл кіріспе 
сөзден кейін бір интервал жіберіп барып қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады. 
Мысалы: «№ 5 тапсырыстың орындалуы жайлы», «Б.Б. Мұқышевтың ісіне байланысты», 
«Қысқы сессияның қорытындысы жайлы» т.б.
Негізгі мәтін. 
Қызметтік хаттардың ең бастысы 

негізгі мәтін. Мәтінде айтылатын 
деректердің ішкі мазмұны нақты, дәл әрі тұжырымды болуы керек. Мәтіннің стилі ресми әрі 
түсінікті болуы керек. Мәтінде басы артық сөздердің болмағаны дұрыс.
Хатты аяқтай келе
 
айтылатын сыпайыгершілікті сақтау сөздері. 
Сыпайыгершілік 
сақтау сөздері мекемеге де, жеке адамға да қарата айтыла береді. Хат түріне қарай 
«Құрметпен...», «Аса құрметпен...», т.б. сөздер қолданылады.
Жіберушінің қолы. 
Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі, аты
-
жөні 
жазылады және қолы (факсимале) қойылады. Жіберушінің қызметі туралы мәліметтер 
толығымен хаттың басында келтірілген ұйым туралы мәліметтермен сәйкес болуы керек. 
Жіберушінің ресми қызметі, аты
-
жөні және қолы хатты аяқтай келе айтылатын 
сыпайыгершілік сақтау сөздерінен кейін жазылады.
Егер хатқа қол қоятын адам бірнеше болса, олар лауазым дәрежесіне қарай жазылады. 
Мысалы,
№ 22 мектептің директоры ________ _________________
қолы
(аты
-
жөні)
№ 22 мектеп директорының орынбасары _______ __________
қолы
(аты
-
жөні)
Ал қол қоятын адамдардың қызмет дәрежесі бірдей болса, онда
алфавит тәртібімен 
жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет