66
Қызметтік құжаттарды рәсімдеу стандарттармен тәртіпке келтірілген, жасалу тәсіліне
тәуелсіз.
Басқару қызметінде орын алған стандартты емес жағдайды көрсететін жеке мәтінде
құжатты жасауды талап ететін жағдайлар кездеседі. Мұндай құжатты жасау кезінде де
компьютер көмегі қажет.
Құжатты әзірлеудің бірінші кезеңі
–
мұндай үлгідегі мәселелерді шешудің тәртібін
айқындайтын нормативтік –
әдістемелік құжаттардың заңдық базаларын зерттеу екені мәлім.
Құжаттарды әзірлеудің бұл кезеңі заңдық базалардың күрделілігіне, оңай қол
жеткізбейтіндігіне және заң шығару материалдарын іздеу жұмыстары бойынша көп
еңбектенуді қажет ететін жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты жиі назардан қалып
отырды. Қазіргі уақытта жан
-
жақты заң шығару және нормативтік
-
әдістемелік құжаттарды
қамтитын көптеген заң және құқықтық деректер банктерінің бар болуы құжаттардың
әзірлену сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Құжатты рәсімдеуге әзірлеудің
екінші кезеңі
–
осы мәселе бойынша мұның алдындағы
құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу болып
табылады. Құжаттарды іріктеу мәселесі көп жағдайда әзірленіп жатқан құжаттың
дұрыстығын қарама
-
қайшы еместігін және толықтығын айқындайды. Тек тіркеудің
компьютерлендірілген жүйесі ғана құжаттар мен автоматтандырылған іздеу арасында
байланыс орнату арқылы тапсырылған мәселе бойынша барлық қажетті құжаттарды іс
жүзінде табуға , ал құжаттардың мәтіндерін толық сақтау жүйесі кезінде барлық қажетті
ақпаратты экранға бірден шығаруға
мүмкіндік береді.
Құжаттарды әзірлеудің
үшінші кезеңі
–
нақтылы жағдаяттар бойынша деректер жинау
болып табылады. Бұл кезеңде деректердің алынған базаларымен қатар (мысалы,
кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімдері, белгілі бір өнімді өндіретін кәсіпорындардың
анықтамалары, сауда фирмаларының каталогтері) ұйымда, мекемеде және фирмада
әзірленген деректер базалары пайдаланылуы мүмкін.
Осылайша, компьютер ең күрделі деген құжаттың өзін тез әрі сауатты ресімдеуге
және оны әсем безендіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: