Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет81/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

Ресми іс жүргізу стилі
 
Дипломатиялық 
стиль
 
Заң шығарушы 
стиль
 
Күнделікті іс жүргізу стилі
 
Екіншіден, ресми іс жүргізу стилі әлеуметтік сананың ерекше формасы –
құқықтық 
санамен сәйкеседі. Біздің әрқайсымыз белгілі бір дәрежеде өз құқығымыз туралы, мысалға 


68 
отбасы қарым –
қатынасындағы міндеттемелерімізбен жауапкершіліктеріміз туралы 
білеміз. Мұндай құқықтық нормаларды тәжірибе жүзінде меңгеруіміз бізге басқа 
адамдармен қатынас жасауға мүмкіндік береді. Адамдарды басқару, заңдар, ережелер
жарғылар негізінде, сондай –
ақ моральдық –
этикалық ұйғарымдар мен тыймдар негізінде 
жүргізілгендіктен, басқарушы үшін құқықытық және моральдық нормаларды білу ерекше 
мәнге ие болады.
Іскерліқ қатынастың өзіндік мәні, әсіресе, нақты түрде жазба мәтінде, құжаттарда көрінеді. 
Сондықтан қандайда бір қызметтің өзі белгілі бір құжаттарды толтыра білу міндеттерін 
және түрлі жанрдағы қызметтік қарым –
қатынастарды кәсіби түрде игеру қажеттігін талап 
етеді.
 
Электрондық почта
 
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. 
Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол 
арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады.
Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны 
пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік 
редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын 
шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз 
кезегінде оны адресаттың
пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны 
сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады.
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі –
оның жылдамдығы. Бірақ оны 
көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы 
телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған 
қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға
бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. 
Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. 
ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.
Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті 
түрде жылдам жеткізіледі.
Электрондық 
пошта 
жүйесі 
үш 
бөліктен 
тұрады:

қолданушы агенті 

әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға 
мүмкіндік береді;

тасымалдау агенті –
мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;

жеткізу агенті –
мәліметтерді оның алушылардың пошта жәшігіне салып кетеді
Компьютерге пошта қызметін орнатып оны пайдалану операциялық жүйені алғаш рет 
компьютерге жазғанда немесе кейінен қажет болғанда қосымша жүргізуге болады.
Поштаны 
орнатып оның жұмыс істеуі үшін:

ақпараттық құралдар –
модем керек немесе өз пошта сервері бар жергілікті желіге 
қосылу қажет.

Компьютеріңіз электрондық пошта протоколдарын сүйемелдейтін болуы тиіс, ол 
үшін компьютерде ТСР/ІР протоколы бұрын орнатылғандығы тексерілуі керек.
Электрондық пошта (ЭП) компьютері арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат 
түрлі басқа мәліметтер жіберумен оларды қабылдау программасы.Мәліметті сервер арқылы 
тез таратып қабылдауға болады.
Осы себепті ЭП
-
ның кәдімгі поштадан артықшылығы сөзсіз.
Электронды пошта хабарламалары бірдей пішімге ие, сондықтан, егер әрбір 
элементтің не үшін қажет екенін түсінсеңіз, кез келген қосымша көмегімен электронды 
хабарламалар жөнелтіп, қабылдай алу сіз үшін қиындық туғызбасы анық.
Электронды 
хабарламалардың 
негізгі 
элементтері:
Кімге: 
қабылдап 
алушының 
электрондық 
мекен 
жайы.
Көшірме: осы хаттың көшірмесін жөнелткіңіз келсе өзге қабылдап алушының электронды 
мекен жайы көрсетілетін өріс.


69 
Жасырын көшірме: кәдімгі көшірмеден аумайды, тек бір айырмашылығы –
хаттың 
көшірмесі өзге қабылдап алушыға жіберілгеннен адресат білмейді.
1. Почта дегеніміз не?
2. Электрондық хаттың структурасын көрсетіңіз.
3. Электрондық почта арқылы файлдарды қалай жіберуге болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет