70
Істер номенклатурасына мекемедегі барлық құжаттардың, журналдардың,
анықтамалық карталардың атаулары кіреді.
Істер тақырыптары қысқа және нақты болуы керек. Әр істің тақырыбы құжаттардың
мазмұнына сәйкес болу керек.
Істер номенклатурасына құрастырушы және мұрағат қызметкері қол қояды,
содан
кейін мекеменің басшысы бекітеді.
Істер номенклатурасы үш дана болып жазылады да, бірінші данасы кеңседе
сақталады, екінші данасы бөлімде шкаф есігінің жағына іліп қояды, ал үшінші
данасы
мекеме мұрағатында сақталады.
Істерді ведомстволық мұрағатқа өткізуге дайындау
Әр құжаттың сақталатын мерзімі бар. Сол мерзімге сәйкес орындалып болған
құжаттарды ереже бойынша мұрағатқа енгізу керек. Әр мекемеде жыл сайын басшының
бұйрығы бойынша комиссия мүшелері бекітіліп, мұрағатқа құжаттар дайындалады. Өткізер
алдында әр құжатты қайтадан қарап, темір қыстырғыштарын
алып тастау керек, бірнеше
беттен тұратын құжаттың беттерін тексеріп, түгендеп, бір іске тігу керек.
Әр іс 250 беттен және қалыңдығы 3
-
4 см
-
ден артық болмауы тиіс. Бұдан артық болса,
істерді томдарға бөлу керек.
Жұмысты орындалып бітпеген құжаттарды іске тігуге болмайды. Құжат жобасын да
іске тігуге болмайды. Тігілген іске келісім толтырылып, комиссия мүшелері қол қояды да,
басшы
бекітеді, содан кейін мұрағатқа тапсырады. Тапсыратын істер сақтау мерзіміне
байланысты екіге бөлінеді: 10 жылға дейін сақталатын істер және 10 жылдан көп мерзімге
сақталатын істер.
Сақтауға жатпайтын құжаттар да тексеріледі, оларға бөлек келісім толтырылады да,
олар комиссия мүшелері күшімен жойылады.
PS. Осы тақырыпты өтер алдында немесе кейін мұрағатқа саяхат жасаған өте қажет.
Ондай мүмкіндік болмаса, мұрағат туралы бейнетаспа көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: