Сабақтың тақырыбы М.Әуезов



Дата17.12.2016
өлшемі83,58 Kb.
#4082
түріСабақ

28.01.2014ж

Әдебиет

7-сынып

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Сілтеме

Әдебиет. «Көксерек»


Жалпы мақсаты


Білімділік: М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің мазмұнына, идеясына, тақырыбына талдау жасай отырып , білімдерін бекітеді.

Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар бойына адамгершілік, жанашырлық сияқты қасиеттерді қалыптастырады , табиғатты, қоршаған ортаны аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге тәрбиеленеді.

Дамытушылық: Шығарманы талдау арқылы өз ойын қорғай алады , нақты сөйлей білуі қалыптасады , сөздік қорларын молайтады.


Оқу нәтижелері


Оқыту үрдісін қалыптастырлады ,қисынды ойлау дамытылады , танымдық іс-әрекететтер арқылы шығармашылығын дамыта отырып, қызығушылығын арттырады.

Негізгі идеялар

Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,

алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.




Тапсырмалар


1.Сұрақтарға жауап беру.

2.Топ болып тапсырма орындауы.

3.АКТ пайдаланып, слайд арқылы семантикалық карта

4.Постермен жұмыс



Оқушыларды топқа бөлу үшін,партаның үстіндегі түрлі-түсті қағазды әр оқушы өзі келіп топтарымен бірігіп отырады. АКТ-дағы суреттерге назар аудара отырып оқушылардың өздері сабақтың тақырыбын ашады.Осыған байланысты мынадай сұрақтар қойылады:

Ұбайдолла Диана өзінің Мұхтар Әуезов туралы жасаған презинтациясын қорғайды.



1-топ

Құрмаш пен әжесінің әңгімесі

2-топ

Ауыл адамдарының сөзінен үзінді.

3-топ

Құрмаштың бөлтірікті үйге алып келуі

Жабдықтар:

  • оқулық 160-185 беттер;

  • А-3 қағаз беттері;

  • маркерлер

2- тапсырма (шығармашылық жұмыс 12 минут )

Бұл – жаңа  идеяларды  жинақтап  бір –бірімен  сабақтастыру  үшін  қажетті  құрылым. Топтастыру  қызықтыруды  ояту  үшін, повеске  байланысты  ой  тудыруды  күшейту  үшін  қолданылып  отыр.

Үш  топқа  плакаттар  беріледі.

1-топ


М.Әуезов шығармаларындағы табиғат бейнесінің суретін салу немесе құрастыру.

2-топ


«Адам және табиғат» эссе жазу

3-топ



Жолды өлең. Қасқыр , аңшы, табиғат сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.

Қасқыр


Жыртқыш қомағай.

Ұлиды,шабуылдайды, жортуылдайды

Қасқыр-түз тағысы, перзенті.

Бөрі,көкжал.

 Аңшы

Қырағы,сақ



Атады,көздейді, аулайды,

Аңшы қансонарда аңға шығады.

Мерген.

 Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,



Айтуға оны табиғаттың тілі жоқ


Үйге тапсырма

Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті».

Кері байланыс

Оқушыларға кері байланыс парақшаларын таратып, өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін туралы жазады.

Қорытынды

Бағалау

Енді «Көксерек» әңгімесі бойынша тест тапсырмалары беріледі.

1. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін жазуға себеп болған оқиғаны көрсетіңіз.
A) Естіген хикаясы себеп болған.
B) Жазушы қиялынан туған.
C) Өз басынан өткен.
D) Жұбайы Валентина Әуезова сатып әкелген күнтізбе әсер еткен.
E) Қысқы ауыл суреті әсер еткен. 

2. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
B) Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.
E) Табиғат көркін суреттеу. 

3. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы. 
B) Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір  құбылыстарының түйіні.
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін  ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы. 
4.Көксеректі алатын арлан?

А)Ақ қасқа Ә)Қара ала төбет Б)Ақ қасқыр



5.Кімнің қай шығармасынан?

Арада бірнеше күн өтті. Осы сайдан шыққан жоқ. Ашығып бұралуға айналды.Бірақ аяғы ептеп басуға келеді. Бір-екі қырқадан асты. Бір сайда үш-төрт ат жайылып жүр екен.Шетте арықтау бір көкшолақ ат тұр еді. Тап беріп қуып отырып, қалың омбыға әкеліп қамады. Күнде кешті күтеді.

А) Т.Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»

Ә) М.Әуезов «Көксерек»

Б) С.Мұратбеков «Жусан иісі»
6.М.Әуезовтың туған жерін көрсет.

А) Семей облысы, Шыңғыс облысы    Ә) Солт.Қазақстан облысы    Б) Талдықорған өңірі    В) Павлодар өңірі
7.Қасен мен Бейсенбай Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері?

А) «Көксерек»     Ә) «Қорғансыздың күні»       Б) «Жетім»              В) «Оқыған азамат»
8.М.Әуезовтің әңгімесі қайсы?

А. “Көксерек” Ә. “Айт күндері” Б. “Бастау”


9.“Көксерек” әңгімесіндегі баланың аты кім?

А. Қасен Ә. Құрмаш Б. Қанабек



10.Ең үлкен еңбегін ата?

1. «Көксерек»

2. «Абай жолы»

3.    «Еңлік-Кебек »

1.Мұхтар Әуезов кім?

а).ақын ә).ғалым, ағартушы б).жазушы,драматург

2.Мұхтар Әуезов қай жерде туған?

а).Семей облысында

ә).Қостанай облысында

б).Алматы облысында



3).Шетел әдебиетінің қай жазушысын қазақ тіліне аударды?

а).Байронды

ә).Хемингуэйді

б).Шекспирді



4.Әуезовтің алғашқы пьесасы?

а). «Еңлік-Кебек»

ә). « Бәйбіше-Тоқал»

б). «Түнгі сарын»



5. «Абай жолы »көркем әдебиет шығармаларының қандай түріне жатады?

а).поэма


ә).роман-эпопея

б).әңгіме



6.Мұхтар Әуезовтің туған жылы?

а).1897 ж.

ә).1899 ж.

б).1887 ж.



7. «Абай жолы»роман-эпопеясы үшін қандай сыйлық берілді?

а.Лениндік

ә.Мемлекеттік

б. «Еңбек Қызыл Ту» 



8.Қасен мен Бейсенбай Әуезовтің қай шығармасының кейіпкері?

А) «Көксерек»     Ә) «Қорғансыздың күні»       Б) «Жетім»              В) «Оқыған азамат»
9.М.Әуезовтің әңгімесі қайсы?

А. “Көксерек” Ә. “Айт күндері” Б. “Бастау”


10.“Көксерек” әңгімесіндегі баланың аты кім?

А. Қасен Ә. Құрмаш Б. Қанабек

1.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов қай жылы

дүниеге келіп, қай жылы өмірден озды?

а)  1893-1938 ;   ә)1846-1945;   б)1897-1961;в) 1900-1973;

2.Мына шығармалардың қайсысы М.Әуезовтің шығармасы?

а) “ Мерген бәкен”; ә) “Ақбілік”; б) “Жетім”;   в) “Саятшы Ораз”;



3.М.Әуезовтің қай шығармасы арқылы қазақ халқы бүкіл әлемге танылды?

а) “ Еңлік-Кебек”; ә) “Қорғансыздың күні”; б) “Абай жолы”;   в) “Хан Кене”;



4. … Жотасы күдірейген, құйрығы шоп-шолақ, бойы тау басында тайдай көрінеді. Ертегінің көкжалы- деп  Көксеректі суреттеуі әңгіменің қай бөлімінде   жазылған?

а)  2;       ә)3;          б)7;         в)  6;

 

5.Көксеректің мына суреттегі бейнесі қай бөлімде баяндалады?

а)  2;       ә)3;          б)4;         в)  7;



6.Қасқырлардың неше күшігі өлтірілді?

а)  2;       ә)3;          б)5;         в)  7;



7. –Қуарған-ай,неңді алып ем?!Не жазып ем?..Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?!.- деп  Көксеректі басқа тепкен кім?

а)  Қасен       ә)Бейсенбек    б)Әжесі       в) Құрмаш



8. Құрмаш  Көксерекпен  ең соңғы рет қай жерде кездеседі?

а) ауылда;       ә)серуендеп жүргенде;    б) қой бағып жүргенде;       в)  Іздеп шығады;



9. -Кәпір,қырыс, тағы емес пе! Кеудесін бермейді, жасымайды!- деген кімдер?

а)  Қасен;       ә)Бейсенбек;    б)Ауыл адамдары;  в) Әжесі;



10. -Сол жалғызымды өлтірген қасқырды қолыма әкеліп,көзін ойғызбасаң,сен маған туысқан емессің! -деген кім?

а)  Қасен;      ә)Жұмаш;    б) Құрмаш әкесі;      в) Әжесі;

Бүгін сабақта көп ізденудің нәтижесінде көптеген мәліметтер ала отырып, шығарманы жан - жақты талдадық. Сабақты Ж. Баласағұнның сөздерімен аяқтағым келіп тұр.
Қанша білсең, ізден тағы, тағы да
Білікті адам жетер тілек бағына.
Біле бер, қанша білсең тағы да біл,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле!

Өздерін өздері критерий арқылы бағалайды.



Нақты нәтиже

Әр оқушы берілген тапсырмалар бойынша жұмыс түрлеріне қатысып , өздерін дамытты.Балалар сабаққа толық қатысты. Топтың өзін-өзі бағалауы , кері байланыс болды.

Пайдаланған әдебиеттер

  • Әдебиет 7-сынып

  • Әдебиет Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева 2011ж Алматы

Директор оқу ісі-жөніндегі орынбасары: Альпенова.Ж.М.


Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалім: Ерубаева А.А.
Каталог: download -> version -> 1400874974 -> module -> 9616745660 -> name
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы
name -> Сабақтың тақырыбы М.Әуезов «Көксерек»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет