Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет7/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

4-
тапсырма
Бір қызықты оқиғаны (басыңнан кешкен, кітаптан
 
оқыған, кинодан көрген 
т.б.) жазыңыз.
 
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________
Публицистикалық стиль
 
Публицистика латын сөзі, көпшілік, әлеумет мағынасын береді. Қазір қоғам өмірі үшін 
маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стильге газет
-
журнал тілінің, әдеби сын мақалалары тілінің, әлеуметтік памфлет, очерктер тілінің стилі 
жатады. Қазіргі әдеби тіл жүйесінде публицистикалық стиль өзіне тән дербестік 
ерекшеліктерімен қалыптасып, ілгері дамып келеді. Бұл –
қазақ халқының баспасөз 
мәдениетінің, тілдік, қоғамдық санасының өскендігінің айғағы. 
Қазіргі публицистикалық стильдің негізі қазақ тілінде шыққан алғашқы газеттерден 
басталып, «Айқап» журналы шығып тұрған жылдары (1911
-
1916) салынды. 
Публицистиканың қоғам өмірімен тығыз байланыстылығы оған үгіт
-
насихаттық сипат 
береді. Публицистиканың жанры әр алуан. Сол жанрдың түріне, өзгешелігіне қарай оның тіл 
ерекшелігі болады (бас мақала, информациялық хабар, очерк, халықаралық шолу, намфлет, 
радио мен теледидардан берілетін хабарлар т.б.)
Публицистикалық стильде көркем әдебиет, ресми іс
-
қағаздар тілдеріне тән стильдік 
элементтер кездесе береді, бірақ оның өзіндік ерекшеліктері сөз қолданудан да, сөйлем 
құрылысынан да анық байқалады. 
Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, 
үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы: 



саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттің мақсаты 

жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету. 
Осы міндетіне сай публицистикалық стильдің басты сипаты қалыптасқан:
а) публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылады;
ә) сөз экспрессивті, екпінді болады;
б) сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құралады;
в) публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты 
болғандықтан, ол тақырыбна сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді;
Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады. Публицистикалық 
сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе 
газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет