Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет5/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

 
Ресми іс
-
қағаздар стилінің тілі
 
Ресми іс қағаздар стилін кейде кеңсе стилі, іс қағаздар стилі деп те айтыла көрсетіліп, 
бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі, өйткені іс қағаздары да, ресми құжаттар да 
ерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекет жұмыстарын 
жүргізумен байланысты.
Іс қағаздар стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс 
қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс 
қағаздарының үлгілеріне өтініш,
сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті
хабарландыру, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, хаттама, шарт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. 
Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөз тіркестері, 
сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе сол үлгі бойынша жазылады.
Ресми құжаттарда саяси
-
публицистикалық лексиканың, әкімшілік терминдердің 
қолданылуы басым келеді.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі 
болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1.
Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2.
Лексика
-
фразеологиялық құрамы (саяси
-
публицистикалық сипатта, әкімшілік 
терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.
3.
Ойды логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.
Кейбір мәтіндерде экспрессивті, эмоциональды бояуы бар тілдік құралдарда 
қолданылады. Мәселен, халықаралық ұйымдар мен жеке мекемелердің, белгілі қоғам 
қайраткерлерінің мүшел тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау мәтіндерінің 
қайсысы болса да жігер, қуатқа жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. 
Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс. 
Тілдік стильдердің пайда болып, жеке өрісалуы тілдегі белгілі жанрлардың дамуымен, 
өзіндік өріс алуымен тығыз байланысты.
Іс қағаздары дегеніміз –
жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің 
атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым
-
қатынас құралы. 
Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше. Өндірістегі істің, адам өміріндегі іс
-
әрекеттердің дұрыс, дер кезінде іске аспауы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына 
байланысты. Құжаттардың сапасыз дайындалуынан қабылданған шешім орындаушыларға өз 
мәнінде жетпей, 35%
-
ға дейін шала атқарылады екен. 
Іс қағаздары мазмұны екі ұшты болмай, дәл, анық жазылады. Оның құрылысы белгілі 
бір тәртіп, рет бойынша ұйымдастырылады, мәтін қысқа құрылады. Мәтіннің қарым
-
қатынас 
иелеріне ортақ қалыптасқан үлісі болады. Мәтін баяндай стилінде жазылады.
Құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқау басшылыққа алынады.
Құжаттарға қойылатын осы талаптарды орындау үстінде іс қағаздарының стилі 
қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет