Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет76/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

 


64 
Хат алмасу жанры
 
Рон Теппер өзінің менеджерлерге арналған «Іскерлік хат жазу өнерін қалай үйрену керек» 
деген кітабында хаттардың мынадай түрлерін көрсетеді:
Кызметтік хаттар
 
Кадр мәселесіне, мекеменің ішкі тәртібіне, жұмыс ережесіне байланысты нұсқаулар.
Алғысхаттар мен құттықтаулар.
Еске салулар, өтініштер, шаралар өткізу (5, 31).
Қызметтік хаттарға фирманың өз ішіндегі хат
алмасулар да жатады.
Фирманың 
сыртқы хаттары 
алты түрге бөлінеді
Сауда
-
саттық келісімдер, келісім
-
шарттар, тағы да басқа осыған ұқсас хаттар.
Алғыс айтылған жауап хаттар.
Құттықтаулар.
Кешірім сұрайтын хаттар.
Талап ететін хаттар, сұрау салатын хаттар.
Көңіл айтулар.
Хаттардың бұл алты түрі өз кезегінде екі категорияға бөлінеді:
Формалды.
Формалды емес.
Жанрларға бөлуден көрініп тұрғандай, хаттарды топтастыруға олардың 
кімге арналғаны 
негіз болады. Егер ішкі қызметтік және сыртқы хат алмасу жанрларын жоғарыда келтірілген 
топтастырумен салыстырып қарасақ, соңғысында алғыс, кешірім сұрау, құттықтау т.б. 
туралы ешнәрсе жоқ екенін көреміз. Яғни, жеке адамға қаратылған хат жоқтың қасы.
Әкімшіліктің жеке қызметкерге қатынасы мынадай түрде көрінеді: алғыс айтылған
бұйрық жарияланады. Қызметкеріне жағымды көзқарасын бұйрық түрінде білдіру ешқандай 
қисынға келмейді, бірақ дәстүр солай болды, түсінсек те, оны бұзу қиын. Біздің іскерлік 
өмірімізде құттықтау адрестері де болды. Бірақ олар салтанатты мерейтойларға, қоғамда 
маңызды орны бар, белгілі адамдардың өміріндегі «дөңгелек жастарға» арналып жасалды. 
Ондай хаттар қызметтік мінездеме стилінде құрылады. Адамға деген жылы сезім, дос 
көңілдің қуанышы таптауырын құрғақ жазбалардың тасасында қалды. Бізде мұндай 
жанрлардың
шеберлері де болды.
Топтастыруға қайта оралайық. Р. Теппердің кітабында алғыс хаттардың мынадай түрлері 
көрсетіледі: «Сіздің жақын арада өткен саяхатты ұйымдастыруға мүмкіндік бергеніңіз үшін»; 
«Жобаның жаңа әзірлемесі үшін» (5, 15); «Қаржылық көмегіңіз үшін»; «Банкіге косымша 
қаржы аударғаныңыз үшін»; «Дәрігерлік көмек көрсеткеніңіз үшін» (сонда: 60, 61); «Нақты 
жоба жасағаныңыз үшін»; «Компанияға басшылық жасағаныңыз үшін» т.б.
Салыстырудан көргеніміздей, батыстың іскерлік дәстүрлі хат алмасуында «адам 
факторын» белсенді пайдаланылады.
Әкімшілік тарапынан клиентке 
кешірім сұрап 
жазған хаттың түрлерін де атап кетейік (5, 
66): есеп жүргізу кезінде кеткен қателіктер үшін; қызметкеріміздің Сізге көрсеткен оғаш 
мінезі үшін; тапсырысты жеткізудегі кемшіліктер үшін; кездесудің өткізілмей қалғаны үшін; 
қайта төлем жасауды талап еткеніміз үшін т.б.
Құттықтау хаттың бір үлгісін келтірейік. Оны жергілікті дүкен немесе қызмет көрсету 
фирмасының иесі жаңадан келген тұрғынға арнаған (5, 37). Мұндай хаттың мазмұнымен 
танысу үшін тұрғын үй иесінің жаңадан келген тұрғынға арнаған хатын толығымен 
келтірейік:
Құрметті...
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет