Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі батыс



Pdf көрінісі
бет78/112
Дата09.12.2022
өлшемі0,66 Mb.
#161978
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   112
Байланысты:
deloproizvod umk

 
14. 
Практикалық сабақтың тақырыбы: 
Құжаттауда компьютерді пайдалану. 
 
Сабақтың мақсаты:
 
Дербес компютер. Лексиконның құжат дайындауда көмегі. W , 
жинағына құжат үлгілерін кіргізу туралы мағлұмат беру. Құжат толтыруда компьютерді 
пайдалануды үйрету.
Сабақтың барысы:
 
Жаттығулармен жұмыс
Электронды техника құжаттарды толтыруды анағұрлым оңайлатып, оны басқаруды 
жеңілдетеді. Дербес компьютер құжаттарды толтыру жағдайын да, кәсіпорынның құжат 
айналымын да жетілдіреді. 
ДК клавиатураларды жазу машинкасы сияқты мәтінді құрастырып, принтердің 
көмегімен оны көбейте алады. Дискетке жазылған мәтін файлға қойылып, ұзақ сақталады 
және оны кез келген уақытта дисплей экранына не қағазға түсіруге болады.
Одан өзге, ДК арнайы бағдарламаның көмегімен басылған мәтінді толықтай не 
ішінара редакциялауға мүмкіндік береді. Ондай бағдарламаны мәтіндік редактор немесе 
мәтіндік процессор деп атайды.
Ақпараттарды құжатқа сақтауға байланысты кез келген басқарушылық шешім 
міндетті түрде құжаттық нысанда тіркеледі.
Егер құжатты жасау әдетте құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен 
мамандарының функциялары болып табылса, онда оларды рәсімдеу, тәртіп бойынша, 
хатшыға немесе басқарманың құжаттық қызмет ету (БҚА) қызметіне тапсырылады. Бүгінде 
компьютер құжаттарды жасаудың және сараптаудың негізгі құралы болып табылады. 


66 
Қызметтік құжаттарды рәсімдеу стандарттармен тәртіпке келтірілген, жасалу тәсіліне 
тәуелсіз.
Басқару қызметінде орын алған стандартты емес жағдайды көрсететін жеке мәтінде 
құжатты жасауды талап ететін жағдайлар кездеседі. Мұндай құжатты жасау кезінде де 
компьютер көмегі қажет. 
Құжатты әзірлеудің бірінші кезеңі

мұндай үлгідегі мәселелерді шешудің тәртібін 
айқындайтын нормативтік –
әдістемелік құжаттардың заңдық базаларын зерттеу екені мәлім. 
Құжаттарды әзірлеудің бұл кезеңі заңдық базалардың күрделілігіне, оңай қол 
жеткізбейтіндігіне және заң шығару материалдарын іздеу жұмыстары бойынша көп 
еңбектенуді қажет ететін жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты жиі назардан қалып 
отырды. Қазіргі уақытта жан
-
жақты заң шығару және нормативтік
-
әдістемелік құжаттарды 
қамтитын көптеген заң және құқықтық деректер банктерінің бар болуы құжаттардың 
әзірлену сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Құжатты рәсімдеуге әзірлеудің 
екінші кезеңі

осы мәселе бойынша мұның алдындағы 
құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу болып 
табылады. Құжаттарды іріктеу мәселесі көп жағдайда әзірленіп жатқан құжаттың 
дұрыстығын қарама
-
қайшы еместігін және толықтығын айқындайды. Тек тіркеудің 
компьютерлендірілген жүйесі ғана құжаттар мен автоматтандырылған іздеу арасында 
байланыс орнату арқылы тапсырылған мәселе бойынша барлық қажетті құжаттарды іс 
жүзінде табуға , ал құжаттардың мәтіндерін толық сақтау жүйесі кезінде барлық қажетті 
ақпаратты экранға бірден шығаруға
мүмкіндік береді. 
Құжаттарды әзірлеудің 
үшінші кезеңі

нақтылы жағдаяттар бойынша деректер жинау 
болып табылады. Бұл кезеңде деректердің алынған базаларымен қатар (мысалы, 
кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімдері, белгілі бір өнімді өндіретін кәсіпорындардың 
анықтамалары, сауда фирмаларының каталогтері) ұйымда, мекемеде және фирмада 
әзірленген деректер базалары пайдаланылуы мүмкін.
Осылайша, компьютер ең күрделі деген құжаттың өзін тез әрі сауатты ресімдеуге 
және оны әсем безендіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет