Ф-ӘД-001/046
7
Мәдениет адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі
мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай
айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы.
Мәдениет сабақтастырушы функция атқарады. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени
мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.
Мәдениеттің танымдық функциясы, негізінен, оның біліммен арақатынасынан
туындайды. Білімділік — мәдениеттіліктің маңызды алғышарты. Дегенмен бұл екі ұғымның
арасында белгілі алшақтык та бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық
әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.Мәдениеттің реттеуші функциясы оның
адамның бойында болуға тиісті сапалықтарды барлық жағынан реттей алуынан көрінеді.
Мәдениетті адам — білімі өз заманының деңгейіне, киімі сол кездегі сән үлгісіне, мінезі сол
қоғамның адамгершілік талаптарына сай келетін адам. Мәдениеттің коммуникативтік
функциясы мәдениеттің қоғамда атқаратын негізгі функцияларьшың бірі. Мәдени туынды
қанша асыл болғанымен, егер ол рухани азық дәрежесіне белгілі бір себептермен жетпей
жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам мекен етпеген үй қаңырап бос
тұрады, пойыз жүрмейтін жол — жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап —
шаң басып жатқан қағаз.
Достарыңызбен бөлісу: