33
әрекеті арқылы біртіндеп жағымсыз бояуы қоюланып
(ұшқыш жер тебінді,
ышқына зекірді, жерге түкірді, тіксініп атып тұруға айналған шомбал
ұшқыш, ызалана бастаған, тапанша қабына қолы екі-үш рет барып
қайтқан ұшқыш, ұшқыш жарылып кетті, ашулы ұшқыш, ұшқыш
тістеніп; домалақ бет, мықыр қазақ, кінәлі қазақ
), Стамбектің
күнделігінде олардың шын бет-бейнесін танытатын эмоционалды-
экспрессивті сипаттаумен алмасады (
Менің қандас туыстарым – озбыр мен
жандайшап ажалға өздері сұранып тұрды; Үшінші – дағыстандық жігіт
өте мейірбан адам екен).
Автордың өз кейіпкерлеріне қарым-қатынасы да
астарлы түрде берілген, яғни олардың әрқайсысын тек жалпы есіммен атау
және Стамбектің оларға тіл қату реті арқылы көрсетілген:
Үй иесі манағыдай емес, өңі жылыған, бірақ сол үнсіз қалпы, босағада
тұрған үлкен торсықты толғай пісіп, ағаш саптаяққа құйды да, гүжбан
қараға әкеп ұсынды. Гүжбан қара қазаққа берді, қазақ – орысқа ұстатты.
Келесі аяқ қазаққа ұсынылды – гүжбан қара ішті. Соңғы аяқ орысқа
тартылды – қазақ ішті ..;
Достарыңызбен бөлісу: