32
берілген авторлық баяндау мен кейіпкер сөзіндегі тұтастықтан туындаған ой.
Бұл біз байқаған екінші мәселе» [54:45].
Өткен ғасырдың 90-жылдарының басында жазылған бұл шығармада
көрсетілген, көтерілген мәселе – нақты бір отбасының тағдыры арқылы бүкіл
қазақ халқының басына түскен нәубеттің түп-тамыры, себебі не деген
сұраққа жауап табу. Және жазушы бұл сұраққа жауапты тапқан да. Тек ол
жауапты
қаламгер өзі емес, Стамбекке айтқызады. Романдағы барлық оқиға
Сары қазақтың көзімен берілген, сондықтан оның тілдік құрылымында
вертикал контекст те, глобалды вертикал контекст те көрініс тапқан.
Романның тілдік құрылымын автор екі субъектінің – арнайы баяншы мен
Сары қазақтың сөзі ретінде түзген, яғни автордың өз сөзі мен басқа адамның
сөзі өзара әрекеттеседі немесе сөйлеу субъектілері кезектесіп, диалог
тудырады. Арнайы баяншы оқиғаны кейде алыстан бақылап отырса, кейде
оқиғаға тікелей араласып кетеді. Автор арнайы баяншының
сөзін сарказмге
құрған. Бұл эмоционалды-экспрессивті сипаты ашық, коннотативтілігі айқын
лексика, экспрессивті синтаксистік құрылымдар, тілдік кодтардың
ауыстырылуы арқылы көрінеді. Аспаннан түскен қазақтың, орыстың және
таулықтың, Сары қазақтың әрқайсысын мінездеу, даралау үшін олардың
сөйлеу тіліне әдеби тілдің түрлі функционалды
стильдеріне тән
ерекшеліктерді үстеген. Таулық жігіт кәдімгі қатардағы көп адамның бірі
ретінде қалыпты этикеттік формуланы қолданса, орыс ауызекі сөйлеу тілінің
қарапайым лексикасын, оның ішінде жаргон мен пейоративті бірліктермен
сөйлейді. Ал жай қазақ пен Сары қазақ сол кездегі ресми, публицистика
стиліндегі стандартты синтаксистік құрылымдар мен клише сөз
оралымдарын
пайдаланады, өйткені олардың когнитивті кеңістігінде бұл
лингвистикалық құралдар феноменологиялық құрылымдардың да көрінісі
[55:63]. Алайда бұл екеуінің сөзқолданысында айырмашылық бар: жай қазақ
өзі айтып тұрған әсіреқызыл сөзіне өзі сеніп, сондай өлермендік көрсетсе,
Сары қазақ бұл штамп бірліктерді аспаннан түскен үшеуді, олар арқылы
бүкіл кеңестік құрылысты мысқылдау, шенеу, мазақтау үшін жұмсайды.
Арнайы баяншының баяндауында да осындай
кодтық немесе тілдік
интертекстуалдылық байқалады. Өзі қолданылатын ортадан басқа, жат, бөгде
ортаға түскен тілдік бірліктер тудырған қайшылық (контраст) бүкіл
шығарманың өн бойынан көрініп отырады. Және бұл қайшылық авторлық
баяндауда да, бөгде сөз - Сары қазақтың күнделігінде де үнемі ашық
көрінеді.
Авторлық баяндаудағы контраст дала мен адамды (
Достарыңызбен бөлісу: