Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет25/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

графикалық құралдар да
жеткізе алады. 
Мәтіннің графикалық-бейнелі түрде ресімделуі поэзияда көптен бері 
және жиі қолданылады. В. Кухаренко «Интерпретация текста» [61] кітабында 
А. Вознесенскийдің «Чайка – плавки бога» метафоралық қолданысы 
визуалды образға негіз болғанын айта келіп, ХХ ғасырдағы орыс 
поэзиясынан Л. Мартыновтың, С. Кирсановтың өрнекті өлеңдерін, В. 
Маяковскийдің «баспалдақтарын» мысалға алады. Сондай-ақ поэтикалық 
текстерге филологиялық талдау жасаған Ю.В. Казарин де графикалық-
ақпаратты өлеңдердің семантикасы сол сыртқы форма мен графикаға 
негізделетінін көрсетеді [62].
Қазақ көркем әдебиетінің өкілдері де өздері мәтінге салатын ақпарды 
көрсету, мәтін модальділігін түзу, ассоциациялар тудыру үшін графикалық 
құралдарды тиімді қолданатыны байқалады. Мәселен, Қ. Мырза Әлидің 
«Төсін мұз, етегін көк әдіптеген» өлеңіне назар аударалық. 
Өлеңнің алғашқы шумағындағы «Тарихтың асқар тауы даңқ деген» 
сентенциясындағы ойды соңғы екі жолмен берілген сентенция жинақтап 
қорытып, жалпыға ортақ қорытынды жасап тұр. Мұнда оқырман назарын 
бірден аударатын ерекшелік – алғашқы сентенцияда даңқ сөзі тіл нормасына 
сәйкес кіші әріппен жазылса, екінші 
« Шыққанға, шықпағанға бірдей қиын 
Тарихтың асқар тауы Даңқ деген...»
сентенциясында бас әріппен жазылған, яғни автор осы графикалық 
ерекшелік пен өлең соңындағы көп нүктені мазмұндық-астарлы ақпарды 
беру үшін қолданады. Демек, өлеңде 
ақпараттылық 
санаты тек 
лингвистикалық, 
экстралингвистикалық 
құралдармен 
ғана 
емес, 
паралингвистикалық тәсілдермен де көріне алады. 
Ал ақын Ф. Оңғарсынова 5 шумақтан тұратын «Нарын» деген өлеңінің 
үшінші шумағында «бостандық» сөзін қалыпты шрифтен өзгертіп, тек бас 
әріптермен береді: 
Талай жан сенде азаттық аңсап өтті, 
Исатай БОСТАНДЫҚ деп жар сап өтті. 
Қолға алып бұлбұл көмей домбырасын, 
Дина қыз тамсандырды барша көпті. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


40 
Өлеңде 
эмоционалды-экспрессивті 
бояуы 
айқын 
сөздер 
мен 
фразеологизмдердің, синкреттік тіркестердің 
(жырға малу, шөлдеген құм)
мағыналық, эмоционалдық, эстетикалық тұрғыда атқарар қызметі ерекше 
болғанмен, бостандық сөзін даралай көрсету арқылы оған логикалық екпін 
түсірген ақынның эмоционалдық жай-күйі кілт өзгергені байқалады, яғни 
өлеңнің алдыңғы шумақтарында өз елінің бары мен жақсысын перзенттік 
мақтанышпен жырлап отырған автор Нарын топырағында туған Исатай 
тұлғасына, оның көксеген ойына назар аударту арқылы одан кейінгі елдің де 
осы бостандықты қалайтынын көрсетеді, ал бұл дегеніміз - өлеңнің 
мазмұндық-концептуалды, мазмұндық-астарлы ақпары. 
Қазақ көркем әдебиетінде графикалық тәсілдердің ақпараттылығын 
алғашқылардың бірі болып көрнекті прозаик Оралхан Бөкей қолданғанын 
айтуға тиіспіз. Оның шығармаларында дерексіз кейіпкерлердің есімдері 
әрқашан емле, пунктуация ережелеріне қайшы тек бас әріптермен 
таңбалануы оның идиолектін танытумен бірге, көркем текстегі ақпар 
түрлерін беруге қызмет етеді. Автор «Бәрі де майдан» повесіндегі ЖЕҢІС, 
БЕЛГІСІЗ БАТЫР, БЕЛГІЛІЛЕР, ШЫБЫН ЖАН, «Сайтан көпір» 
хикаятындағы АНАУ, АЙҚАЙ, ЖАҢҒЫРЫҚ, АДАЛ АДАМ, МЕН, АДАМ, 
ОЙ, ОЙ-САНА, БІЗДЕР, АДАМНЫҢ АЯҒЫ, АЙҚАЙ ДҮНИЕ тәрізді уәжді 
түрде орфографиялық нормадан ауытқушылық арқылы ақпараттылығы 
айқын тілдік бірліктерді антогонистік сипатта алып, мәтіннің концептуалды-
мазмұнды ақпарына назар аудартуды мақсат еткен.
Осыған байланысты С. Ақсұңқарұлының шығармашылығын да айта 
кеткен жөн. 
Жан-жақты ақпараттылық көркем шығармалар тақырыптарының 
графикалық тұрғыдан ресімделуі арқылы да көрінеді. Бұл орайда сыншы, 
жазушы Т. Шапайдың «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған «Бәйге» 
әңгімесін мысалға алуға болады. Оқырман ең алдымен тақырыпқа 
шығарылған «бәйге» сөзінің таңбалануына назар аударады және олай 
болмауы мүмкін де емес. Себебі, үш қайталанған «Бәйге» сөзінің алғашқысы 
қалыпты шрифтпен жазылып, соңынан леп белгісі қойылса, екінші 
қайталанған бәйге сөзінің құрамындағы әріптер жоғарылы-төменді 
орналастырылып, сұрау белгісімен тұйықталады, ал үшінші бәйгедегі «ә» 
әрпі қарқылдап күліп тұрған адамның бет-әлпетімен берілсе, қалған әріптер 
ішек-сілесі қатып, құлап жатқан адамдардың кейпімен бейнеленіп, соңынан 
көп нүкте қойылады. Міне, осы графикалық ерекшеліктің өзі-ақ әңгіме 
мазмұнын хабарлап тұрғаны байқалады, ал жалпы шығарма атауының өзі 
қалыпты жағдайда мәтіннің мазмұнын, модальділігін, аяқталғандығын 
эксплицитті түрде көрсетіп, оқырман үшін интерпретациялауға бағыт 
беретінін ескерсек, атауды графикалық тұрғыдан даралаудың ақпараттылығы 
айрықша екені сөзсіз. 
Адамның түрлі көңіл-күйін, психологиялық жағдайын, айтылып, 
суреттеліп отырған оқиғаға көзқарасын, қарым-қатынасын, яғни мәтін 
модальділігін таныту үшін пайдаланылатын тыныс белгілерінің қызметі 
жөнінде жазылып жүр. Өзін ойландырып, толғандырған сезім күйлерінің, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


41 
жан толқыныстарының сан алуанын беруде тыныс белгілерін өте сәтті 
қолданатын ақындардың бірі – Гүлнәр Салықбай. 
Қазіргі қазақ ақын қыздарының бірі де бірегейі Гүлнәр Салықбай екені 
және оның өлеңдері мазмұны, түрі, графикалық ресімделуі тұрғысынан 
жаңашыл болып келетіні оқырман тарапынан да, әдебиеттанушы ғалымдар 
тарапынан да әрқашан атап айтылып жүргені белгілі. Өз өлеңдерінің 
семантикасын ашу үшін Гүлнәр түрлі позициядағы көп нүкте, сұрау белгісі 
сияқты паралингвистикалық құралдарды қабаттастыра қолданады. Ақынның 
мына бір өлеңіндегі графикалық ерекшелік оқырманына түрлі ақпар 
жеткізудің өте сәтті, ұтымды жолы деуге болады: 
Түн келеді сілекейі шұбырып, 
Көзі көрсеқызарланып, құбылып. 
Айды алыста көзін жұмған Күн дерсің, 
Күбірлейді өзіне өзі жылынып. 
Түн сыртында түнереді бір ақын,
Сол ақынға серік болу – мұратым. 
Күліп-күліп Күн ұйқыға кеткенде 
Күлліәлемдік күрсіністен тұратын. 
Мал түгендеп, көз іледі қой аулым, 
Қой ауылда құлпырады бояу мың. 
Күзетші ояу, отырса да ұйқыда, 
Мен түс көріп жатсам-дағы, ояумын. 
Ел ұйқыда. Мен ертеңге сырғыдым, 
Шашы ұзын ұйқылы-ояу құрбының. 
Ит-құсты емес,бірен-саран ояулар 
Қалт жібермей аңдиды кеп бір-бірін. 
Орта көңіл толмай қойды бүгін де, 
????????????????????????????????? 
........................................................... 
Сені, Мені түн жұтады түбінде. 
Бұл өлеңнің әр сөзі, әр тармағы ақпаратты, ассоциативті. Өлең 
шумақтарындағы кейіптеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет