Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет28/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

Мәтін модальділігі
санаты 
Осы тұста өзі суреттеп отырған оқиғаға автордың жеке көзқарасы –
субъективті бағалауынан туындайтын 
мәтін модальділігі
санаты туралы 
айту қажет. Бұл санат та әрқашан жеке дара эксплицитті түрде көріне, беріле 
алмайды, өйткені «Фразалық модальділік грамматикалық немесе лексикалық 
құралдармен берілсе, мәтін модальділігін ерекше тәсілмен жұмсалған осы 
құралдармен қатар кейіпкерлер мінездемесі, айтылымдардың предикат және 
релятив бөліктерінің өзінше орналасуы, сентенциялар, нақыл сөздер, 
мәтіннің жекелеген бөліктерінің өзектенуі және т.б. көрсетеді» [17:115]. 
Жалпы, лингвистикада «модальділік – субъектінің ақпаратты 
қабылдаудағы өзіндік көзқарасын, бағалауын даралап, субъектаралық 
қатынастың астарын нұсқап, сөйлемаралық қатынастан, тілдік бірліктердің 
функциялық бірігуінен дараланатын күрделі семантикалық санат» [65:10] деп 
түсініледі. Көркем мәтінде автор тікелей бағалаушы болса, оқырман жанама 
бағалаушы ретінде қабылданады.
М. Жұмабаевтың «Қазақ тілі» өлеңінде модальділік концептуалды 
орталық өзгерген сайын ауысып отырады, яғни алғашқы екі шумақта өткенді 
сағыну, аңсау, жоғалған құндылықтарды ойлап күйзелу көрінсе, үшінші 
шумақтың үшінші, төртінші тармақтарында шүкіршілік ету сезімі байқалады, 
ал соңғы шумақта үміт, болашаққа сенім аңғарылады. Оның бәрі 
лексикалық, грамматикалық құралдар арқылы көрінеді. 
Т. Әбдіковтің «Тұғыр мен ғұмыр» повесіндегі модальділік те әр қилы: 
Бұдан кейін таң атты. Күн нұры күндегідей поселкені алтын шұғылаға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


46 
бөледі. Жыл сайынғы әдетімен мереке күнгі қарбалас ерте басталды. 
Мектеп жақтан горнның, барабанның үндері естіледі. Ұйқыдан тұрған 
тіршілік перроннан қозғалған ауыр составтай баяу жылжып бара жатты 
(қалыпты). 
Әлдебір жолаушы Сәлімгерейдің үйіне құдайы қонақ боп келгенде 
жүректен қайтыс болыпты деген сыбыс төңірекке сыздықтай тарағанмен, 
алып-қашпа дабырға ұласқан жоқ. Дүниеге кім келіп, кім кетпей 
жатыр?..(өкініш) 
Бұл өңірде бәрі бұрынғыша, бәрі қаз қалпында. Тіпті ештеңе де 
болмаған секілді (таңғалу).
О. Бөкейдің өз кейіпкерлеріне қарым-қатынасы астарлы түрде берілген, 
яғни олардың әрқайсысын тек жалпы есіммен атау арқылы олардың мінез-
құлқы, іс-әрекеті жайлы оқырман көңілінде де кереғар пікір 
қалыптастырады: екінші қыз, үшінші қыз (Құм мінезі), Қойшы, Әйел, 
Зоотехник (Өліара). Ол осы повестегі өз кейіпкерін бірде аяйды, бірде оған 
ыза болады, бірде оған таңдана қарайды: 
Бірақ бұл сөзді абиыр болғанда 
күйеуі естіген жоқ-ты; Бірақ әнеукүнгі оқиға болмаса...
әнеукүнгі оқиға... 
Қойшының денесі тітіркенгендей болды. Астында қалғып тұрған торы
шолақты бауырға бір салып қалғанда, оқыс атып кетіп, ерден әрең-әрең 
ауып түспей қалды. Бұдан соң торыны шықпыртты-ай, шықпыртты-ай, 
төпеледі-ай... Ат аң-таң... 
Е. Раушанов өлеңіндегі предикат және релятив бөліктерінің 
орналастырылуы автордың субъективті көзқарасымен тығыз байланысты. 
Шығыс ақыны Хафиз ғазалының алғашқы екі жолын еске түсіретін бұл 
өлеңде мағыналық салмақ-жүгі ерекше жолдар графикалық тұрғыда, яғни 
өлеңнің құрылымында жеке жол болып басқа шумақтардан алшақ 
орналасып, көп нүкте арқылы айрықшаланып, тақырып әрі кіріспе ретінде 
өлең мәтінін түзуге қызмет етеді. Ақынның ішкі өкініші, күйзелісі тұтас 
өлеңнің модальділігіне негіз болып тұр: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет