47
Жүрегіңнің
Түкпіріне
Түспейтін күннің нұры.
Екі шумақ өлеңде төрт сентенция бар. Олардың әрқайсысын басқа
мәнмәтінде жұмсап, сөз өнері, сөз әсері туралы ұзақ толғаныстың кіріспесі,
бөліктерін байланыстырушы когерент немесе қорытындысы ретінде
қолдануға болады.
Ретроспекция мен проспекция
санаттары
Көркем мәтіндегі
ретроспекция мен проспекция
санаттары кеңістік
және уақытпен тығыз байланысты болғандықтан, зерттеушілер оларды
дисконтинуум
деп те атайды [17:105]. Себебі бұл санаттар оқиғаны баяндау
барысында бұрын болып кеткен нәрсені еске түсіру немесе алдыда болатын
жайттарға сілтеу арқылы оларды өзектендіріп, жалпы мәтін мазмұны үшін
маңызын көрсетеді.
Ретроспекцияны
екі жақты қарастыруға болады, яғни автор тарапынан
мәтіннің өзінде вербалды түрде берілген
объективті ретроспекция
және
шығарманың мазмұнын толық түсіну үшін оқырман жадында қалып
отыратын
субъективті ретроспекция.
Мысалы, О. Бөкеевтің «Қайдасың,
қасқа құлыным» повесінің атауы, соңғы абзацы оқырманның мәтіндегі
барлық оқиғаларды еске түсіріп, бір-бірімен байланыстыруы нәтижесінде
ғана түсінікті болады. Ал Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман-
дилогиясындағы мына бір баяндау автордың объективті ретроспекциясы:
Достарыңызбен бөлісу: