Қазақстан республикасының білім жәНЕ


«Бақаның бағынан сұңқардың соры



Pdf көрінісі
бет45/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

«Бақаның бағынан сұңқардың соры 
артық»
(Б.Момышҧлы); 
«Тарту – достық белгісі»
(М.Жҧмабаев); 
«Жақсы 
ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес»
(Ғ.Мҥсірепов); 
«Бақ 
кейде ауып қонады, кейде тауып қонады. Ауып қонса, есіртеді, тауып 
қонса, есейтеді»
(Ғ.Мҧстафин). 
Сентенция баяндау желісінен шашау шықпай, сӛз болып отырған 
оқиғаның мәнін дәл, ықшам да толымды ашып кӛрсетумен бірге, ерекше бір 
серпімді қасиетімен де ерекшеленеді, яғни адам санасы баяндалып отырған 
ойдың мән-маңызын қабылдауда талдау, салыстыру, жалпылау тәсілдерін 
ҧштастырып отырады. 
Кӛркем мәтіннің вербалды қабатында окказионалды, потенциалды 
сӛздер, синкретті тіркестер, фразеологизмдер контаминациясы, мәтінаралық 
байланыстардың маркерлері - тҥрлі деңгейдегі цитация, аллюзия, 
реминисценциялар – жиі кездеседі. 
Окказионализмдер. 
Кӛркем мәтіндерде кездесетін индивидуалды-
авторлық неологизмдер (окказионализмдер) қаламгердің ӛзіндік қолтаңбасын 
танытады. Лингвистикалық тҥсініктемеде сӛздердің мағынасына назар 
аударсақ, сӛзжасам деңгейінде окказионализмдердің жасалу заңдылықтары 
қарастырылады. 
Поэтикалық сӛзжасам мәселелері кӛптеген ғалымдардың еңбектерінде 
қарастырылып жҥр: Г.О. Винокур, В.П. Григорьев, А.Д. Григорьева, Э. 
Ханпира, В.Н. Хохлачѐва, Н.М. Шанский, И.Е. Шаховалар орыс тіліндегі 
кӛркем мәтіндердегі окказионализмдерді қарастырса, Х. Нҧрмҧқанов, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


72 
Р.Сыздық, Г. Мҧратова қазақ қаламгерлерінің тӛлтума сӛздерді зерттеп, 
олардың жасалуы, стильдік қызметі туралы пікірлерін ҧсынған. Мәселен, 
Р.Сыздық Ә.Кекілбаевтың «Ҥркер» романынан батымды болу, сойыл дос, 
қамшы дос, мәмлехана, жолығыс; ал О. Бӛкеевтің «Қайдасың, қасқа 
қҧлыным?» повесінен мамырстан заман, бақида сияқты окказионализмдерді 
кӛрсетсе, Х. Нҧрмҧқанов баянат, кӛнерім, ескірім, басытқылау, келгін, 
кҥйінді деген сӛздерді атап, Қ.Мырза Әлидің екі жолын келтіреді: 
Шаруакештер
шӛлдегі ақшағылды, терін тӛгіп жайнаған бақша қылды. Осы 
ақынның 2000 жылдардың басындағы ӛлеңіндегі окказионалды сӛздер 
тіліміздегі сӛзжасам ҥлгісімен жасалған: Қайсы бірін айтайын, қай жерде де 
қаптаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет