Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

Сол бір құзға
жылысисың жыл
сайын. 
Ақ қайыңды, аппақ қарлы
асқарым 
Кем бе 
сонау Қазбектің құзынан?!
Тәкаппар ол, - тапты ақын асқағын, 
Жырына тек күйінем де қызығам. 
... Таңданасың
Терекке сен бұрқанған, 
(оны 
сонша
бұлқындырған 
ақын
ғой). 
Соңғы жолдағы 
сонша
сөзімен өлең авторы қалыптасқан, нормаға 
айналған Терек образын еске түсірсе, 
ақын
сөзімен Абайға, одан бұрынғы 
орыс ақынына сілтеме жасайды. 
Бұл мысалдардың барлығы кеңес дәуірінде өмір сүріп, өзінің тума 
талантын өз бетінше яки белгілі бір ұйымдасқан түрде игерген шығарма жазу 
техникасымен ұштастырған қаламгерлердің көркем мәтіндерінен алынды. 
Алайда ауыз әдебиетінен алынған келтірінді құрылымдар немесе өзінің 
алдында өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқан басқа ақындардың 
контексін еске салатын фрагменттер, сондай-ақ өз шығармашылығындағы 
жазылу уақыты әр түрлі, бірақ семантикалық байланысы айқын, вербалды 
түрде танылатын мәтіндер тек бертіндегі ұрпақ өкілдеріне ғана тән емес 
екенін Абай өлеңдері мен қара сөздерінен-ақ байқауға болады: 
Жүрегім, ойбай, соқпа енді! 
Бола берме тым күлкі. 
Көрмейсің бе, тоқта енді, 
Кімге сенсең, сол шикі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


76 
«Жетім қозы - тас бауыр, 
Түңілер де отығар». 
Сорлы жүрек мұнша ауыр
Неге қатты соқтығар? 
Сенісерге жан таба алмай 
Сенделеді ит жүрек. 
Тірілікте бір қана алмай, 
Бұл не деген тентірек? 
Жоқ деп едің керегің, 
Топ жиып ең бір бөлек. 
Кезек келер демедің,
Ендігі керек қай керек? 
Екінші шумақтың тырнақшаға алынған бастапқы екі жолы прецедентті 
айтылым болғанмен, өлеңнің өлшеміне де, мазмұнына да жаттығы 
байқалмайтыны соншалық, егер ақынның өзі маркерлемесе, оны 
оқырмандардың қазіргі буыны Абайдың өз жолдары деп түсінетіні сөзсіз. 
Абайдың өзі өз замандастарына жақсы таныс бұл прецедентті айтылымның 
өзінікі емес, бөгденікі екенін нақтылағысы келген сияқты, оның дәлелі – 
мақалды графикалық тұрғыда ерекшелеуі. Сол сияқты «Әуелде бір суық мұз 
– ақыл зерек» өлеңі мен «Он жетінші сөзінің арасындағы» семантикалық 
байланыс олардың вербалды-синтаксистік құрылымынан-ақ танылады. 
Интертекст, интертекстуалдылық терминдерін қолданбаса да, Т. Шапай 
семантикалық, мотивтік талдау негізінде Абай мен Дулат ақынның мәтіндері 
арасындағы байланысты сенімді түрде көрсетеді [77]. Осыған қарағанда 
келтірінді құрылымдарды енгізу үрдісі тек постмодернистік әдебиетке ғана 
тән құбылыс емес, кез келген кезеңде өмір сүрген қаламгердің өзі бейнелеп 
отырған шындықты өз бетінше түсініп, қабылдап, соны қайта туындату 
ерекшелігіне, тілдік құзіретіне байланысты болады. 
«Интертекст», «интертекстуалды», «интертекстуалдылық» терминдері 
қазіргі әдебиеттану және лингвистикалық сөздіктерде толық орнықпаса да, 
ғылыми айналымға түскен соңғы қырық жыл ішінде ең жиі қолданылатын 
лексемаларға айналды. Аталған терминдерді құрайтын «интер» және «текст» 
лексемаларының мағынасы бұлардың бірнеше мәтінге ортақ құрылымдық, 
семантикалық бір бөлік, фрагмент екенін көрсетеді. 
Интертекстуалдылық мәселелерін қарастырғанда интертекст термині өте 
жиі кездесетіні белгілі және ол заңды да, өйткені көптеген ғалымдар бұл екі 
терминнің ара жігін ажыратпай, бірінің орнына бірін қолдана береді. Сол 
себептен де қазіргі ғылыми айналымда интертекст термині төмендегі 
ұғымдарды қамтиды: 
«Ескі цитаталардан құралған жаңа құрылым» деп танылатын кез келген 
мәтін; 
Бірыңғай мәтіндік (интертекстуалды) кеңістік құрайтын және ортақ 
элементтері кездейсоқ емес бірнеше мәтін (немесе олардың үзінділері); 
Құрылымында цитата бар мәтіндер, бұл көбінесе постмодернизм 
бағытындағы көркем шығармаларға тән
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


77 
Түзіліп отырған мәтінге енгізілген түпнұсқа мәтін;
Көркем туындының семантикасын түзетін компонент - астарлы ой, яғни 
мәтінді интерпретациялауға көмек.
Көркем мәтіндердегі интертекстерді үш тұрғыда қарастыруға болады. 
Көркем шығарманы жазған адам, мәтін және оны оқитын оқырман қарым-
қатынасына сәйкес интертекстердің кіргізілуі әр тұрғыдан түсіндіріле алады. 
Қаламгер интертексті өз шығармасына кіргізгенде түрлі мақсатты 
көздейді. Оларды шартты түрде 6-ға бөлуге болады: 1) өзі эталон мәтін деп 
санаған көркем шығармамен ассоциация тудыру (бұл жағдайда претекстің 
жекелеген фрагменті арқылы өз туындысының семантикасын толықтыру, 
дамыту, байыту); 2) бағалау (өз кейіпкерін немесе персонажын интертекспен 
бағалау, ол бағалау ашық эмпатикадан айқын контрасқа дейін түрліше болуы 
ықтимал); 3) этикеттік (қаламгердің претекст авторына немесе претекске 
қарым-қатынасы – эмпатикалық, бейтарап немесе ашық сыни көзқарасы); 4) 
айшықтау (өзінің немесе кейіпкерінің, персонажының ойын сабақтау, 
дәлелдеу, қорытындылау, толықтыру, жалғастыру); 5) тілдік-мәдени 
құзіретін таныту; 6) оқырманның мәтінді автор интенциясына сай 
интерпретациялауына бағыт беру. 
Қазақ көркем мәтіндерінде интертекстуалдылық цитата, цитата сөз 
(цитация), аллюзия, реминисценция, пародия, символика, мәтінді аяқтау 
арқылы көрінеді. Бұлардың бәрі де мәтіндер арасындағы семантикалық-
құрылымдық байланыстарды көрсетіп, көркем мәтіндегі позициясы әр қилы 
болып келеді, яғни эпиграф түрінде немесе мәтін ішіндегі мәтін ретінде, 
сондай-ақ құрылымдық цитата ретінде кездеседі. Цитатаның өзі белгілі бір 
мәтінге бұрын жазылған мәтіннің фрагменттерін түрлі мақсатта 
енгізілетіндіктен, И.В. Арнольдтің мынадай классификация ұсынады: 1) 
цитаталық тақырып, 2) эпиграф, 3) қыстырынды романдар, 4) хаттар, 5) 
күнделіктер, 6) цитаталар, 7) аллюзия, 8) реминисценция. 
Көркем мәтіндегі интертекстердің қызметін бес топқа біріктіруді 
ұсынамыз: 1. Интертекстердің сілтемелік қызметі; 2. Интертекстердің мәтін 
түзушілік қызметі; 3. Интертекстердің бағалауыштық қызметі; 4. 
Интертекстердің айшықтаушы қызметі; 5. Интертекстердің парольдік 
қызметі. 
Әрине, көркем мәтінде интертекстердің тек бір ғана қызметі емес, 
бірнешеуі қатар байқалады. Көбінесе сілтемелік және бағалауыштық қызметі 
қосарлана көрінеді, өйткені интертекст авторы өзі эталон немесе түкке 
тұрғысыз деп таңдап алуының өзімен-ақ претекске және оның авторына 
бағалауын да, сілтеуін де көрсетеді. Ал бұл автор мен оқырман үшін 
интертекстер қызметі үнемі сәйкесе бермейтінін көрсетеді. 
Көрсетілген қызметтер көркем шығармада түрлі типологияда 
вербалданып, кейде автор тарапынан нақтыланса, енді бірде ондай атрибуция 
болмауы мүмкін. Бұл қаламгердің өз оқырманына қатысына тәуелді: ақын 
немесе жазушы бір жағдайларда өз туындысын оқитын адамның тілдік-
мәдени құзіретінің деңгейі өзімен шамалас екеніне шүбәсіз сенімді болса, 
басқа бір интертекстерге қатысты ондай сенімді емес. Сондықтан да кейбір 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


78 
интертекстуалды элементтер әрі графикалық маркермен, әрі лексикалық 
индикаторлармен ерекшеленеді. Бір көркем мәтіндегі келтірінді элементтер 
бойында аталған қызметтердің бірнешеуі ұштастырылып та, жеке-жеке де 
көрінуі ықтимал.
Мұндай келтірінді мәтіндер көркем мәтін семантикасын түзіп, жеткізу 
үшін авторға, сондай-ақ сол мәтінді адекватты түсініп, қабылдау үшін 
оқырманға да аса маңызды болғандықтан, лингвистикалық нысан ретінде 
жеке қарастырылуы тиіс.
Цитатаға берілген дефинициялар оның негізгі үш белгісін көрсетеді: 1) 
қандай да бір мәтіннен алынған үзінді немесе басқа біреудің сөзі; 2) оның 
сөзбе-сөз дәлдігі; 3) түпнұсқаға сілтеме. 
Жалпы алғанда, цитатаны диалогтің философиялық теориясының негізгі 
көрінісі деп қарастыруға болады. Цитата арқылы қаламгер өз 
шығармасындағы сөйлеу субъектісін өзгертіп, өз ойы мен кейіпкердің, 
қосалқы 
персонаждың 
көзқарасындағы 
айырмашылық, 
қайшылық, 
ортақтықтарды даралап, оның жаңа контекске бөтен екенін танытады. 
Цитатаның өзі мәтін болғандықтан, оның лексикалық құрамындағы 
сөздердің өздері лексикографиялық дефинициясынан басқаша күрделі 
мағынаға ие болып, өзі түскен контексімен қосылып, ұштасып, мүлде басқа 
контекст, ассоциация тудырады. Цитатаның мәтін ретінде өз бойында 
сақталған ақпарлардың бәрі жаңғырып, жанданып, өзектеніп, жаңа мәтінді 
түзуге, өзгертуге ықпал етеді, бірақ осы жаңа контекссіз цитатаның 
келтірінді құрылым екені білінбейді. Бұл, керісінше, цитата мен ол түскен 
жаңа контекстің бір-бірінен ажырағысыз байланыспен кірігіп кететінінің 
дәлелі.
Цитаталарды, әдетте, адам өз сөзін айшықтау үшін, ойын дәлелдеу үшін, 
ойын жалғастыру үшін, пікірін қорыту үшін, ойдың түрлі бөліктерін бір-
бірімен біріктіру үшін немесе белгілі бір пікірге өзінің қолдауын, 
қарсылығын, жоққа шығаруын, бағалауын білдіру үшін қолданады. 
Реминисценция басқа бір әдеби шығарманы еске түсірсе, аллюзия, 
негізінен, көпшілікке таныс әлеуметтік-мәдени фактімен орай сол көркем 
шығарма семантикасына қосымша хабар, мағына қосатын элемент. 
Реминисценция басқа бір мәтінге цитация қағидатымен дәл, еш өзгеріссіз
немесе трансформацияланып енгізілсе, аллюзия - мәтінде еркін түрде 
вербалданатын экстралингвистикалық фактор. Аталған екі интертекст 
прозалық та, поэзиялық та шығармаларда кездесе береді, қосымша мағына 
үстейді. Аллюзия мен реминисценцияның ұқсастығы мен ерекшелігін мына 
мысалдардан көруге болады: Т. Әбдіков «Өлі ара» романына бас кейіпкер 
Асқардың табиғатын ашу үшін қосүнді сөзбен Құланбай батыр туралы 
деректі кіргізеді. Ұлы Сардар перифразын аллюзия, ал Құланбай батыр 
антропонимін реминисценция ретінде қарастыруға болады, себебі 
орфографиялық ережеге сай емес, графикалық тұрғыда ерекшелеп берілген 
Ұлы Сардар – Амангелді Иманов - тарихи тұлға, Қазақстандағы 1916 жылғы 
ұлт-азаттық көтерілісінің символы ретінде, яғни қоғамдық-әлеуметтік, 
мәдени өмірдің бір фактісі ретінде қалың оқырманға белгілі, ал Құланбай 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


79 
батыр есімі әдебиет сүйер, көзі қарақты оқырманға ғана сыр айтар, 
семантикалық салмақ-жүгі ерекше антропоним, себебі бұл – жазушы Ақан 
Нұрмановтың «Құланның ажалы» романының бас кейіпкері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет