Презентация. Тақырыбы: Индустрияландыру



бет1/2
Дата09.01.2022
өлшемі1,22 Mb.
#110423
түріПрезентация
  1   2
Байланысты:
презентация казак тылы

Презентация. Тақырыбы: Индустрияландыру

пән: қазақ тілі

Орындаған: Асаубаева Адэлия

Тексеруші: Тажиев Ербол Елгөндіұлы

Топ: 20-07 лаб/диагн.

19.10.2020 жыл

Индустрияландыру дегеніміз:

ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты.

  • Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру барысында республикада ауыр өнеркәсіптің көптеген салаларын құрудың, сонымен қатар Қарағанды маңындағы Теміртауда ең ірі зауыт салынуының маңызы зор болды. Қазақстанның көрнекті ғалымдарының бірі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев бұл зауытты салу қажеттігін дәлелдеді. Ғылымның жетістігі объективті шарттар жасаумен ғана емес, сонымен қатар жекелеген ғалымдардың ерен еңбегімен тікелей байланысты бодды. Геолог Қ. Сәтбаев республикадағы шашыраңқы геологиялық ұйымдардың күшін жүмылдырып, өнеркәсіпті стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бар күшін салды. Қазақстанның Жезқазған, Жезді, Қорғасын және басқа да көптеген кең орындары жұмыс істеп тұрған зауыттарды шикізатпен үздіксіз қамтамасыз ету үшін игерілді. Қ. Сәтбаевтың бастамасы бойынша Маңғыстау, Мұғалжар және Торғай минерал қорларын зерттеу ісі жүргізілді. Ол 3 маңызды нәтижеге қол жеткізді: біріншісі - Жезқазған мыс кең орнын ашуы, екіншісі - Қазақстанның Ғылым академиясының ашылуына үлкен үлес қосып, оған басшылық етті, үшіншісі - Геологиялық ғылымдар институтын құруы.
  • Индустрияландыруды сәтті дамыту үшін дамыған қатынас жолдарын, атап айтқанда, темір жол желісін салу кажеттігі туды. Алматыдан Семейге дейін созылуға тиіс болган Түркістан-Сібір темір жолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі болды. Бұл жол пайдалануға берілмейінше республиканың ауқымды шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарындағы халык шаруашылығын қайта құруды сәтті түрде жүзеге асыру мүмкін емес еді. Түрксіб темір жол құрылысы 1931 жылға қарай аяқталды. Бұрын жаңа заманғы қатынас жолдары болмаған аумақтар арқылы 1145 шақырымға созылған Түрксіб темір жолы өндірістік күштерді дамытуда және елдің ауқымды аудандарындағы экономиканы қайта құруда маңызды рөлге ие болды, өнеркәсіпті және темір жолға жақын жатқан аудандардың ауыл шаруашылығын дамытудың маңызды факторына айналды. Бұл темір жол тармағының құрылысын сәтті жүргізу мақсатында РКФСР ХКК жанынан ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың төрағалығымен Түрксіб құрылысына ынтымақтастық комитеті құрылды. Құрылыс бүкілхалықтық деп жарияланып, республикаға Ресей, Украина, Орталық Азия енеркәсіп орталықтарының жұмысшылары көмекке жіберілді. Темір жолдың жекелеген бөліктерін кезең-кезеңімен іске қосу белгіленген мерзімнен бұрын жүзеге асып отырды. 1930 жылы 25 сәуірде магистраль бойынша бірінші жұмысшы пойызының жүргізілуі айтулы окиға болды, оны Қазақстанның бірінші машинисі - бұрын бақташы болған Көшкінбаев жүргізді. 1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынып, 1931 жылы ол Ақмолаға дейін созылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикізат тасымалдау үшін Ақмола-Қарағанды, Илецк-Орал, Рубцовск-Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды-Жезқазған жолдары салынды. 1928-1940 жылдары республиканың темір жол желісі 50 пайызға өсіп, 1658 км-ге жетті. Сібір мен Орта Азияны байланыстырған Түркістан-Сібір темір жолы іске косылды
  • Осылармен бір мезгілде республикада бірінші бесжылдық(1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Пайдалы қазбаларға бай кең орындары Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті, әсіресе кең шығару салалары - мұнай, көмір саласы және түсті металлургияны дамытудың негізі болды. Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары, Қарағанды көмір кеңдері қайта қалпына келтірілді. Шымкент корғасын зауыты, Балқаш және Жезқазған мыс қорыту, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаттарының құрылыстары басталды. Индустрияландыру өзін-өзі ақтамаған асқақ жоспарлар мен қарқынды арттыру жағдайында жүзеге асырылды. 1929 жылдың өзінде-ақ бесжылдық жоспарды негізгі экономикалық көрсеткіштерді ұлғайтумен алмастыру туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде салынып жатқан құрылыс объектілерін жұмыс күшімен, шикізатпен, жабдықпен қамтамасыз етуде қиындықтар туды. Көптеген құрылыстар тоқтап қалды. Өнім шығарса да, кәсіпорындар толық көлемде жұмыс істей алмады. Жалпы индустрияландыру процесі Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет