Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет50/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

Шаруашылық жетекші
Менеджер
1
«Жоғарыдан» шешім тосуда, тырп 
етпейді, талапсыз, тəуекелділіктен 
қорқады, бəрі өз бақылауында, ты-
йым салғысы келеді 
Белсенді, дербес, жігерлі, қол 
астындағыларға əрекеттердің 
барынша еркіндігін ұсынады, 
тəуекелділікке барады 
2
Көбінесе диспетчер, жабдықтаушы, 
инженер рөлінде болады; жұмыстың 
«техникалық» аспектілеріне, 
тактикалық шешімдерге жəне 
əрекеттерге бағдарланған
Ең бастысы экономикалық 
жəне құқықтық проблемаларды 
шешудің стратегиясын əзірлейді: 
дауларды шешеді, келіссөздерді 
жүргізеді
3
Парасатсыз, беделдер алдында 
бас ұрады, жоғары басшылықтың 
қуатына сенеді
Парасатты, сыншы, бірінші ке-
зекте өз күшіне сенеді 
4
Ойлау мен тəртіптің қос стандар-
тын ұстанады, формалды түрде 
жоғарыдан түскен тапсырманы 
орындаса, іс жүзінде өзіне жəне 
ең жақсы жағдайда, өз ұжымына 
жұмыс істейді
Бірінші кезекте жалпы мақсат-
тарға қол жеткізуге тырысады, 
сана мен амалдарында екіге 
бөлінуі жоқ
5
Барлық шешімдерді өзі қабыл-
дайды, бөтен пікірлерге төзбейді
Диалог жəне дискуссия үдері-
сінде ұжымдық шешімге келуге 
бағытталған пікірлестер коман-
дасын құрады
6
Ой өрісі мен білімі шектеулі, 
қоршаған болмысқа нашар 
бағдарланады жəне оны нашар 
елестетеді; жаңа білімдерге тал-
пынбайды
Ширақ, жаңа идеялар, білімдер 
мен ақпаратқа ашық, өмірге де-
ген кең көзқарасқа ие 
7
Басқарушы психологияның, 
адам қатынастарының мəселе-
лерінде құзыретті емес, қол 
астындағылардың тұлғасына 
бейімделмеген
Адамдармен жұмыс істей алады, 
оларды тұлға ретінде мойындай-
ды, жақсы педагог
Əсіресе, «менеджмент» жəне «менеджер» терминінің 
пайдалануының теріс кеңеюін ерекше ескерсек, біздің көзқарасымыз 
бойынша, тұлғалық ерекшеліктердің жəне лауазымдық 
ерекшеліктерінің қатаң үйлесуі тым тура жəне бір мағыналы. Өкінішке 
орай, басшымен өзінің басқарушы парадигмасын, оның теориялық 
құрауыштарын жəне іс жүзіндегі жүзеге асырылуының түбегейлі 


150
қайта құрылуын көздемейтін лауазымдар атауының жай ғана ауысуы 
жиі болады. Сонымен қатар, осы кестеде бұрынғы жəне заманауи фор-
мациялар басшыларының, базалық құзыреттіліктерінің жəне басқа 
сипаттамаларының айырмашылықтары жеткілікті деңгейде ақпаратты 
түрде ашылуда.
Бірақ жақсы менеджерлерде терең өзгерістердің басында тұра ал-
майды. Бұл үшін түбегейлі басқа ойға жəне айырықша қабілеттерге 
ие жаңа типтегі басшылар қажет. Олар жүйе құраушы байланыстар-
ды орната білуі, маңындағыларға шабыттандырушы əсер беруі, 
басқарудың инновациялық əдістерін қалыптастыруы мен қолдануы, 
жағдайларға сəйкес басшылықтың өз стилін икемді өзгертуі қажет. Тек 
осындай көшбасшы-менеджерлер өздерінің артынан қызметкерлерін 
ұйымдастырып ерте алады, оларға қазақстандық білім беру аясын-
да, қазіргі кезде болып жатқан жаһандық инновациялық өзгерістерге 
қажетті энергияны бере алады.
Көрсетілген талаптар білім беру мекемелері басшыларының 
біліктілігін арттыру аясында ҚР білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі 
қағидаларымен жақсы қатынас орнатады. Осы бағдарламада білім 
берудегі менеджмент бойынша даярлықтан жəне қайта даярлықтан 
өткен тұлғалар білім беру ұйымының басшысы деп танылатыны жөнін-
де ақпарат бар [2]. Сонда 2010 жылы білім беру аясындағы басшылар-
дың 29%, 2015 жылы – 50%, ал 2020 жылы басқарушылардың барлық 
100% менеджмент саласында даярлықтан жəне қайта даярлықтан өтеді 
деп көзделуде.
Бірақ жаңа білімдерді игеру маңыздылығын мойындай отырып, егер 
басшының тұлғалық өсуімен өзара байланысты болмаған жағдайда, 
олардың жетіспеушілігін жəне шектеулігін атап кету қажет.
Өскемен қалалық білім бөлімімен жəне қалалық əдістемелік 
кабинетімен мектеп менеджерлерінің біліктілігін арттыру жөнінде 
үлкен жұмыс атқарылуда. Қалада осы бағыттың аясында басылым 
авторының ғылыми жетекшілігімен педагогикалық менеджменттің ең 
тиімді түрлері мен əдістерін іздестіру мақсатында орта жалпы білім беру 
мектептерін жəне балалардың мектепке дейінгі мекемелерін біріктіре-
тін «Білім беру сапасының менеджменті» атты эксперименталдық 
алаңы құрылған жəне қызмет етуде. Білім беру аясындағы басқарудың 
маңызды проблематикасы бойынша мектеп директорлары жəне 
директорлардың орынбасарлары, мектепке дейінгі мекемелердің 
меңгерушілері үшін əдістемелік іс-шараларды жүйелі жəне үнемі өткі-
зу басқарушылардың осы санатының біліктілігін жедел жүзеге асыру-
ға мүмкіндік береді. Қалалық білім бөлімінің кеңестерінде, басқарма 


151
бастығының маңындағы отырыстарда, мектеп директорларының се-
минарларында, «Директорлар мектебінің» сабақтарында, əдістемелік 
кеңестерде басқарушы қызмет сапасының, оның білім беру мекемесі 
жұмысының тиімділігіне, педагогтардың кəсіби деңгейін арттыруы-
на əсер ету мəселелері, білім беру үдерісін жетілдірумен басқару, 
білім беру сапасы мониторингісін жүйесін құру проблемалары жəне 
басқалары тындалады жəне талқыланады. Білім беру менеджерлері 
қызметінің кəсіптілігінің дамуына ғана емес, сондай-ақ акмеология-
да тұлғаның кəсіптілігіне де үлкен назар аударылады. Психологиялық 
жəне педагогикалық диагностикалары батареяларының негізінде 
қалалық білім беру мекемелерінде педагогтардың, оның ішінде білім 
менеджерлерінің кəсіби қабілеттерінің дамуын көру жүргізіледі. 
Егер жоғары басшылыққа, өз кезегінде, орта буындағы басқарушы-
лар қатарында, осындай менеджерлердің «сыни массасын» дайындау 
сəті түссе, онда білім беру мекемесінде жетістікке деген неғұрлым көп 
мүмкіншілік болады. Қызметкерлерді басқару жөніндегі менеджмент 
бойынша əдебиетте [46] топ-менеджерлер қаншалықты дарынды бол-
са да, басқарып отырған ұйымның ең төмен деңгейлеріне дейін ин-
новацияларды ілгерілету үшін «өріс командирлері» бəрібір қажет деп 
көрсетілген. Білім беру мекемесіне қатысты басқару үдерісінің «өріс 
командирлері» болып педагогтардың өздері де саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет