Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет55/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73
Байланысты:
пед менеджмент

ҚОСЫМША МА-
ТЕРИАЛЫН қараңыз
).
Мəлім болғандай, жоғары оқу орынның Оқу кеңесі қызметінің 
жəне оны таңдау тəртібінің Типтік ережелеріне сəйкес, ЖОО-мен 
осы ұжымдық басқару органның құрамына тек ЖОО басшысы, 
оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, 
оқытушылар ғана енбей, сонымен қатар ЖОО студент өкілдері де кіре 
алады. Оқу кеңесінің құзыреттіліктеріне, демек, оның құрамына енетін 
тұлғалардың да құзыреттіліктеріне ЖОО құрылымын бекіту; жоғары 
оқу орынның Жарлығына өзгертулер мен толықтырылар енгізу; 
ЖОО-ның оқу-тəрбие, ғылыми-зерттеу жəне шаруашылық қызметін 
ұйымдастыруының барлық негізін қалаушы мəселелері жөнінде 
шешімдерді қабылдау; ЖОО-ның қызметкерлерін, шығармашылық 
ұжымдарды үкіметтік наградаларға жəне құрметтік атақтарына ұсыну 
жөніндегі мəселелерді қарастыру жəне т.б. сияқты маңызды мəселелер 
жатады [38].
Білім алушының белсенді субъект, саналы азамат ретінде да-
муы, оның əлеуметтік өмірінде талап етілетін құзыреттіліктердің кең 
спектірін игеруі оның жас, күштері мен қабілеттерінің ерекшеліктеріне 
қарай білім беру мекемесі қызметінің кейбір жақтарымен басқару 
тəжірибесіне де қатысуынсыз мүмкін емес.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
«Экон Республикасы» балалар қоғамдық ұйым қызметінің мазмұны 
мен нысандары гимназияда қоғамның нарықтық қатынастарға көшу 
жағдайларында оқушыларға экономикалық білім беруді енгізумен 
негізделген болатын. Гимназияда экономикалық білім түлектердің 
өмірдегі, қоғамдағы табысты бейімделуінің маңызды факторы ретінде 
қарастырылады. Мектепте қыркүйек айында Экон Республикасының 
президенті сайланады. Өз бағдарламаларын (минимум-бағдарламасын 
жəне максимум-бағдарламасын) əзірлеген жəне оны жалпы талқылауға 
ұсынған 9-10 сыныптардың кез келген оқушысы президентке үміткер 
бола алады. Сайлауға 5 сыныптан бастап Республиканың барлық аза-
маттары, сондай-ақ, педагогтары қатысады.
Осыдан кейін президент оқушылардың іскер қасиеттеріне сəйкес 
үміткерлерді таңдай отырып, министр кабинетін қалыптастырады. 
Экон Республикасында ғылым жəне білім, ішкі істер, спорт, еңбек, 
денсаулық сақтау жəне басқа министрліктер қызмет етеді. Əр 
министрліктің жұмысын ересектер – тəлімгер-мұғалімдер бақылайды, 


173
оқушылар олардан, қажет болғанда, көмек сұрай алады. Министрлер 
тəлімгерлермен қоса жартыжылдыққа жұмыс жоспарын құрады. Онда 
жоспарлы жалпымектептік іс-шаралармен қатар, балалардың өздері 
ұсынған іс-шаралар енгізіледі.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруы жыл сайын өтетін Гимназия күнін 
жүргізгенде жүзеге асырылады. Сол күні барлық іс-шаралар өзін-өзі 
басқару органымен жүргізіледі, ал мұғалімдер ассистенттер рөлінде 
болады. Осы күні таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін іс-
шаралар өткізіледі. Бір мезгілде көптеген іс-шаралар өтеді: зияткерлік 
марафон, экономикалық марафон, фирмалардың тұсаукесері, плакат-
тарды қорғау, тілшілер конкурсы, шахмат бойынша жарыстар, еңбек 
биржасы жұмыс атқарады жəне т.б. Іс-шаралардың барлық бары-
сы баспасөз министрлігімен сағат сайын жарияланып отырады. Күн 
соңында аукцион өткізіліп, онда жалпы қорытындылар, яғни Гимназия 
Күнінде берілген экондар есептелінеді. Оқушылар да, мұғалімдер де, 
түлектерде де Гимназия Күнімен қаңағаттанады.
Мектеп түлектері осы күн жайлы ертерек хабардар болады. Олар 
өз ынтасы бойынша қалап алған учаскеде қызығушылықпен жұмыс 
істейді. Сонымен, мектептің əр буынының сабақтастық, байланыс 
қағидатының жүзеге асырылуы айдан анық болады. Мектептің өзін-өзі 
басқаруында жұмыс істеген барлық балалар оқуын жалғастырған оқу 
мекемелерінің қоғамдық өміріне белсенді қатысатынын айта кету қажет. 
Балалар өзін-өзі басқаруға қатыса отырып, басқарушы дағдыларын, 
күрделі өмірлік жағдайда əрекет ету ептіліктеріне ие болады. 
Біз жүргізген тəжірибелер оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы 
мұғалімдер мен оқушылардың тек дұрыс өзара қарым-қатынасы 
жағдайында ғана болуы мүмкін екендігін көрсетті. Өзін-өзі басқару, 
тəртіп сияқты бір ретік іс-шарамен немесе мектептің бұйрығымен 
енгізілмейді. Осы жерде, бірінші кезекте, мұғалімдер мен оқушылардың 
біріккен жұмысы қажет. Оқушылардың істеріне тура кірісу – өзін-өзі 
басқару қағидатын бұзу болады, бірақ осы жерде шет қалуға болмайды. 
Бұл олардың дербестілігі мен бастамасының дамуына ықпал етпейді. 
Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары
яғни оның үлгілері келесідей болуға тиіс:
1. Деңгейлік иерархиялық қағидаты.
Мектептегі өзін-өзі басқарудың құрылымы элементтердің көптеген 
санынан (көлемінен) тұрады, оның əрқайсысы, өз кезегінде, сондай-ақ 
мектептегі өзін-өзі басқару элементтері (бас жəне тұрлаусыз) арасында 
əртүрлі қатынастармен бөлек күрделі жүйе болады.
2. Құрылымдық қағидаты.
Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру үшін оның элементтері 


174
алуантүрлігінің арасында негізгі құрылымдық бөлігін, яғни оның 
бірлігін жəне өзіне-өзінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тұрақты 
байланыстардың жиынтығын айқындаудың маңызы зор. Құрылым 
қызмет шарттарының кез келген сыртқы жəне ішкі өзгерістерінде 
өзгерусіз болып қалатынын көрсету керек. Осы уақытта, мектеп 
оқушыларының белгіленген байланыстарының арасында, кездейсоқ 
сипатта болатын өзін-өзі басқару элементтері де болуы мүмкін. 
Құрылымдық қағидаты, əдетте, осы кездейсоқ байланыстардың 
байқалуының себептерін анықтаумен қатар, үлгіленетін объектінің 
даму барысын анықтайтын қажетті, тұрақты байланыстарының байқалу 
себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрудағы 
адамгершілік қағидаты. 
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құрудағы өзі-өзі билеу 
қағидаты. 
Осы қағидаттың жүзеге асырылуы əр оқушыға өзінің жеке бейнесін 
құрастыру, өзінің өмірлік жолын жобалау үшін мүмкіндіктер туғызады. 
Осында сенімділік тұлғалық-бағдарланған көзқарас феномені ретінде 
пайдаланылады.
Масасина В. А., Мухамадиева К. Ж.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. П.Я.Гальперин бойынша əрекеттің бағдарлық, атқарушы жəне 
бөліктерінің мəнін ашыңыз.
2. Өздеріңіздің оқу қызметіңізге қатысты оны ұйымдастарудың үш 
негізгі кезеңін сипаттаңыз. 
3. Оқыту үдерісінен алынған мысалдарда Ю. К. Бабанскийдің 
«оқыту жəне оқу арасындағы өзара əрекет байланысының ажырауы 
осы үдерісті тұтастығынан айырады, яғни оны негізгі белгілерден 
жəне болуы мүмкін шарттарының біреуінен айырады, ол оқыту үдерісі 
ретінде тоқтайды» деген пайымдауын көрсетіңіз.
4. Сіздің оқу қызметіңіздегі уəждер жүйесін сипаттаңыз. 
5. Білім алушыда қалыптасуға тиіс құзыреттер/құзыреттіліктердің 
əртүрлі жіктелуін əдебиеттен табыңыз.
Осы жіктелулерді өзара салыстырыңыз, жалпысын жəне əртүрлігін 
анықтаңыз. 
6. Негізгі құзыреттіліктердің құрылымдық құраушылары. Соны-
мен, ақпараттық құзыреттілік келесі құраушылардан тұрады.
7. Оқытудың (проблемалық оқыту, П. Я. Гальперина-
Н. Ф. Талызинаның ойлау əрекеттерін кезеңдік қалыптастыру, 


175
Ж. А. Караевтың оқытудың үш деңгейлі əдістемелік жүйесінің 
педагогикалық технологиясы жəне басқаларын) немесе тəрбиенің 
(А. С. Макаренконың қатаң ұжымдық тəрбие технологиясы,
И.П. Ивановтың ұжымдық шығармашылық тəрбие, О. С. Газман-
ның баланың психологиялық-педагогикалық қолдау жəне 
сүйемелдеуі жəне басқаларын) қандай да бір технологиясын 
таңдаңыз. Таңдалып алынған білім беру технологиясының мəні 
жəне ерекшеліктерімен танысыңыз.
Білім алушылар мен тəрбиеленушілердің оқу үдерісінде/тəрбие 
үдерісінде таңдалып алынған білім беру технологиясын пайдала-
ну кезінде басқарушы рөлінің анықталу ерекшеліктерін, олардың 
дербестілік жəне белсенділік дəрежесін сипаттаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет