212
– проблемаға ықпал ете білу, əр жақтан оған кірісе білу жəне
өзіне
мəн-жайды бағындыра білу;
– жаңа идеяларды алға қоя білу жəне оларды негіздей білу;
– икемділік жəне жағдай күтпеген жерде өзгергенде, бейімделе,
өзгере білу жəне басқалары.
В. Н. Чернышев жəне А. П. Двинин менеджермен жеке
мүмкіндіктерін жəне басқарудағы шектеулерінің жүйелі талдауы-
на арналған кəсіби маңызды қасиеттердің [113, 441-449 б.] тестін
келтіруде. Осы қасиеттердің қатарына келесілер жатады:
– өзін басқара білу;
– айқын құндылықтар;
– айқын жеке мақсаттары;
– жалғасқан өзін-өзі дамыту;
– проблемаларды
шешудің жақсы дағдылары;
– шығармашылық көзқарас;
– маңындағыларға ықпал ете білу;
– басқарушы еңбектің ерекшеліктерін түсіну;
– басқара білу қабілеті;
– оқыта білу:
– топ жұмысын реттей білу.
Өлшемдерді жəне индикаторларды анықтап, оларды топтастырған
соң менеджер тиімділігін талдаудың ең тиімді əдістерін таңдау қажет.
Көп жағдайда осы мақсаттар үшін сараптамалық баға əдістерін, əртүрлі
əдістерді (сауалнама жүргізу, сұхбат алу, сұхбаттар), қызмет етуіне
бақылау жүргізу əдістерін, стандартталған психологиялық диагности-
каны жəне басқаларын қолданады. Тікелей басшылар, əріптестер жəне,
əрине, қол астындағылар менеджер жұмысының тиімділігін, оның
іскерлік қасиеттері мен құзыреттіліктерін бағалайтын субъектілер бола
алады.
Тиімді кəсіпқой болуға тырысатын басшы өз қызметінің өзін-өзі
бағалауын үнемі жүргізеді,
өз құзыреттіліктерінің, жеке қасиеттерінің,
басқарушы дағдыларының жəне тағы басқаларының өзіндік «тексе-
руін» атқарады. Сонда ол, психодиагностиканың стандартталған
əдістерін, өзін-өзі бақылауды (интроспекцияны) қолдану, оны-
мен жұмыс істейтін қызметкерлердің пікірлерін талдауы мүмкін.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
тарауында менеджмент саласындағы белгілі
маман Л. Зайверттің сауалнамасы келтірілген, ол өткен жұмыс күнді өз
бетімен талдау үшін ұсынылады.
Білім беру мекемесінде, сондай-ақ педагог жұмысын тек пəн
мұғалімі жəне тəрбиешісі ретінде емес, сонымен бірге оқу-тəрбие
үдерісінің менеджері ретінде бағалауы маңызды. Н. В. Кузьминаның,
213
А. К. Маркованың, Н. Д. Хмельдің жəне басқаларының зерттеулерінде
ұсынылған педагогикалық қызметтің
құраушылары мен деңгейлерін
талдау негізінде, бізбен (Паньшина Т. В.) «Педагогикалық қызметтің
өнімділігі» картасы əзірленген К Қосымшасы басқа мақсаттар үшін
де қолданылуы мүмкін. Осы əдістеме Өскемен қаласының білім беру
мекемелерінде біраз жылдан бері қолданылуда.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ
ӨТКЕН КҮННІҢ ШОЛУЫ (ӨЗІН-ӨЗІ БАҚЫЛАУ)
Жұмыс күні соңында алға қойылған міндеттердің орында-
уын бақылау жəне көрсету ғана емес, сондай-ақ жеке жағдайды да
бақылап көрсету керек.
Өткен күнге шолу жүргізе отырып, не нəрсе сəтті өткенін жəне,
тиісінше, не нəрсе бұдан да жақсы орындалу мүмкін екендігін қайта
тексеріңіз.
Келесі қосалқы сұрақтар Сіздерге кейбір қозғау салатын бой
ұруларды беруге тиіс.
Маған бүгін көпке жетуге кім немесе не кедергі жасады?
Бүгін мен маңайымдағы адамдарға пайда əкелдім бе?
Мен қай арада үстірт мəселелермен шұғылдандым?
Мен қай арада қажет емес сынмен шұғылдандым?
Мен қай арада қажетсіз ымыраға бардым?
Мен қай арада өз серіктестеріме мансапқорлықтың салдарынан
тым көп талап қойдым?
Фирма құқығы бойынша менен нені талап ете алушы еді?
Менің қол астымдағы тұлға, əріптесім немесе бастығым мен
жөнінде қандай ойда болуы мүмкін?
Мен қандай да болсын істерден бас тарта аламын ба?
Мен бүгін нені үйрендім?
Мен бүгін өз идеяларымды, ойларымды
жазып немесе өңдей ал-
дым ба?
Не немесе кім маған қуаныш əкелді?
Осы күн мақсаттарыма жетуге жақындатты ма?
Бүгін мен істей алатындардың қатарында не нəрсе ең жақсы іс бо-
лады?
Зайверт Л. Ваше время – в ваших руках.
Советы руководителям, как эффективно использовать
рабочее время. – М.: Экономика, 1990. – С.166.
214
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Менеджменттің «жүйелі» тиімділігі неден тұрады?
2. Менеджменттің «операциялық» тиімділігі əдебиетте қалай
түсіндіріледі?
3. Төмендегі əсерлермен байланысты басқару нəтижелеріне не жатады:
1. əлеуметтік-экономикалық əсерлермен,
2. əлеуметтік-психологиялық əсерлермен,
3. əлеуметтік-ұйымдастырушы əсерлермен?
4. Менеджмент бойынша əдебиетте [48] өнімнің/қызметтің сапалы
белгілеріне келесі жағдайлар жатады деп көрсетілген:
– өнім талап етілгендей өндірілген бе жəне жеткізілген бе?
– тұтынушы өнімге қанағаттандырылған ба?
– өнім арналған қызметін атқара ма?
Басшымен қабылданатын шешім оның қызметінің өнімі болаты-
нын ескере отырып, көрсетілген жағдайларға сəйкес, негізінде оның
бағалауы жүргізілуі мүмкін болатын өлшемдердің тізімін жасаңыз.
Ю. К. Бабанский оқу-тəрбие үдерісімен басқаруға қатысты
қызметпен қатаң басқару білім алушыларда бастамасын жəне
дербестігін жояды, сол мезгілде оқыту
барысында педагогты басқару-
шы рөлінен тым шеттету оқытудың нəтижелілігін төмендетуге əкеледі
деп бекіткен болатын. «Педагогикалық басқару, егер ол барынша мүмкін
шамада жеке адамдардың, қоғамдық үдерістердің, құбылыстардың
дамуының заңды барысын есепке алса, олардың оң беталыстарының
дамуын жеделдетуіне ықпал етсе ғана, тиімді болады. Дəл осы жағдай
оқу-тəрбие үдерісінде басқару функцияларының шексіздігін емес,
абсолюттігін емес, нақтылығын айқындайды» [11,25 б.].
Автормен сипатталған жағдайға қатысты басқарудың қандай
əсерлерін анықтауға жəне бағалауға болады?
6. Сіздің пікіріңіз бойынша заманауи жағдайларда білім беру
мекемесі басшысының қандай кəсіби құзыреттіліктері маңызды?
7. Сіздің пікіріңіз бойынша білім беру мекемесі басшысының
қандай жеке қасиеттері ҚР-ның білім беру жүйесі дамуының заманауи
кезеңінде қалыптасуы тиіс?
8.
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫҢ
негізінсіз жүргізетін қызметтің
түрлеріне қатысты өз жұмыс күніңіздің өзіндік бақылауын атқаруға
көмектескен сұрақтардың тізімін əзірлеңіз.
9. «Жаңа формациядағы мұғалім» атты қалалық эксперименталдық
алаңға енетін Өскемен қаласының əдістемелік жұмысын талдау үшін
сауалнама (Т. В. Паньшина) əзірленгенбіз (К Қосымшаны қараңыз).
Мектептегі тəжірибеде мектеп ерекшелігіне сəйкес қысқартылған сыз-
баны құрастырыңыз жəне əдістемелік жұмысты талдаңыз.