Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Біліктілікке қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет71/73
Дата15.12.2022
өлшемі1,71 Mb.
#162905
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
пед менеджмент

Біліктілікке қойылатын талаптар
: жоғары педагогикалық білім 
жəне білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан 
кем болмауы тиіс.


236
Білім беру ұйымы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта)
Лауазымдық міндеттері
: Білім беру ұйымының қызметін 
перспективалық болжауды жəне ағымдағы жоспарлауды 
ұйымдастырады. Оқу-тəрбие процесінің, ғылыми-əдістемелік жəне 
əлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. 
Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартта-
рын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының 
орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тəрбие, оқу-əдістемелік 
құжаттамаларды əзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесі-
нің сапасына жəне жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде 
білімді меңгеру нəтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
Оқу-тəрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі 
заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алу-
шыларды ағымдағы жəне қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық 
бақылау жəне тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. 
Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың 
кестесін жəне басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.
Білім беру ұйымдарының оқу процесін жетілдіру мақсатында
пəндік əдістемелік бірлестіктер жəне эксперименттік жұмыстарын 
үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тəрбие процесін ғылыми-əдістемелік 
жəне əлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Эксперименттік жұмыстардың нəтижелерін қорытындылайды жəне 
талдау жасайды. Педагогтердің анағұрлым нəтижелі тəжірибелерін та-
рату бойынша шаралар қабылдайды. Педагог кадрларды іріктеуге жəне 
орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін артты-
ру жəне аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, 
көрнекі құралдармен жəне техникалық оқыту құралдарымен 
жарақтандыру, əдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-
əдістемелік жəне көркем əдебиеттермен толтыру жұмыстарын жо-
спарлайды. Оқу-тəрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, 
приборлардың, техникалық жəне көрнекі құралдардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етеді.
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау 
жасайды. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы жəне уақытылы 
жасалуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет