Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет188/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

-
 
оқу жылында дәстүрлі бақылау және кесімді бақылау жұмысы, 
теориялық материалды жазбаша зерттеу. 
Белгілі бір тақырыптың типтік қателері мен жалпы білім беру дағды-
қабілеттерін анықтауға бағытталған ББҚ (білім, білу, қабілет) ауызша тексеру. 
Тест тапсырмаларында есте сақтауды (меңгергендерді жаңғырту), ойлауды 
(салыстыру, дәлелдеу, жалпылау), сөйлеуді дамытатын сұрақтар қамтылуы 
тиіс. Ауызша емтиханның сапасы сұрақтардың іріктелуіне және олардың 
қойылу реттілігіне байланысты болуы қажет. Әрбір сұрақ логикалық түрде 
толық, қысқа және нақты болуы керек. 
Білім алушылардың бойында өзін-өзі бақылау дағдылары мен 
қабілеттерін қалыптастыру олардың қателіктерін өз бетінше табуға мүмкіндік 
береді. Сонымен қатар ол тәрбиелік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан 
тиімді. Мысалы, мынадай формаларды пайдалануға болады: «Қатені тауып, 
түсіндіріңіз» (өзіңіздің сыныптасыңыз жасаған, педагог жоспарлаған), 
«Жауабын тексеріп, қатесін түсініңіз», «Жауабыңызды бағалаңыз». 
Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекетінің сапасы мен тиімділігін өзара 
бақылау педагогке білім алушылардың білімін тексеруге көмектеседі және 
адалдық пен әділеттілік, ұжымшылдық сияқты жеке қасиеттерінің дамуына 
ықпал етеді. Білімді өзара тексеру білім алушылардың белсенділігін дамытады, 
білімге қызығушылығын арттырады. Өзара бақылау барысында білім 
алушылардың жеке ерекшеліктері ашылады, білімге қызығушылығы артады. 
II кезең. Қателерді түзету 
Қателерді түзету қателерді анықтаумен қатар жүреді. Әрбір білім алушы 
өзінің «проблемалық» тақырыптарын бірнеше рет қайталауы арқылы шет тілін 
меңгеруде оң нәтижеге қол жеткізе алады. 


243 
-
 
Деректер матрицасы - бұл тест нәтижелері енгізілетін кесте. Бұл 
сыныптағы «меңгере алу» картинасын тұтастай және әрбір білім алушыны жеке 
көруге мүмкіндік береді; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет