Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет42/288
Дата16.12.2022
өлшемі4,54 Mb.
#162961
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   288
Байланысты:
ӘНХ

4-кесте.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сыныптар 
Бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша 
жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
2-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
3-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
4-сынып 
2* 
2* 
2* 
2* 
*Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі 
біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым).
 
«Әдебиеттік оқу» оқу пәні
«Әдебиеттік оқу» пәнінің мақсаты – бастауыш сынып білім 
алушыларының көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсінуі, санасында 
қайта жаңғырта алуы және шығармадан қабылдағанын өзінің шығармашылық 
әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын 
қалыптастыру. 
Оқу бағдарламасында әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту 
қарастырылған. Нақты шығармаларды оқып білу және қажетті шығармашылық 
тапсырмаларды орындау үшін мұғалім білім алушылардың даярлық деңгейіне 
байланысты сабақтар санын анықтайды. 
Оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 2-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты; 
2) 3-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты; 
3) 4-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында – 102 сағатты құрайды. 
Оқу дағдысы негізгі оқу дағдысы болып табылады, сондықтан оны 
қалыптастырғанда кезең-кезеңмен жұмыс істеу маңызды: дұрыс оқу (дыбыстар 


50 
мен әріптерді сәйкестендіру, буындар құрауы); түсініп оқу (оқылған сөздің 
мағынасын түсіну және олардың мағынасын түсіндіру); шапшаң (тұтас сөздерді 
дұрыс және түсініп оқу); мәнерлеп (дұрыс, түсініп және шапшаң оқуға және 
ақпараттың мазмұнына өзінің көзқарасын білдіру). 
Білім алушылардың оқу дағдыларының қалыптасуын ескере отырып
мұғалім төмендегі міндеттерді қояды: 
-
екінші сыныпта 
сөз бен сөз тіркестерін тұтас оқу біліктерінің 
қалыптасуын; оқу қарқыны бойынша оқылған мәтіннің мазмұнын түсінуін, оқу 
кезінде кідіріс жасай білуін, тиісті тыныс белгілерін қоюын, интонациясын, 
кейіпкерлерінің ерекшеліктеріне тән қассиеттерін білуін тексереді; 
-
үшінші сыныпта 
негізгі құралдардың мәнерлілігін пайдалануда 
өлеңдер және шығармалар мәтінін оқу мәнерлілігін тексеру, дауыстап және 
іштей оқуда оқылған мәтіннің мәнін түсінуін, сонымен қатар, оқу техникасын 
тексерудің негізгі міндеттерін тұтас сөздермен оқи білуінің қалыптасуын 
тексереді;
 
-
төртінші сыныпта
оқу дағдысы: шығарманы іштей көз жүгіртіп, 
шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі 
қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу (5-кесте).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   288




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет