Құрамы мен классификациясы. Газ заңдары Сұрақтар


 Ұңғы оқпанын құм тығындарынан тазалау



Pdf көрінісі
бет12/21
Дата16.12.2022
өлшемі0,5 Mb.
#162983
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
darister

 
3. Ұңғы оқпанын құм тығындарынан тазалау. 
Құм тығыны пайда болған ұңғыны пайдалану 
үшін алдымен барлық жиналған құмды тазалау керек. 
Терең емес ұңғылардағы қалыңдығы үлкен емес құм 
тығындарын негізінен қауғамен (желонка) тазалайды. 
Қарапайым желонка диаметрі 70-100 мм құбырдан 
тұрады және оның тӛменгі бӛлігінде тарелкалы 


немесе шарикті клапан орналасады, ал жоғарғы бӛлігінде арқан бекітілетін 
доға орналасады. Мұндай құбырдың ұзындығы әдетте 8-12 метрден аспайды.
Ұңғы оқпанын құм тығындарынан желонкамен тазалау – ұзақ та, 
тиімділігі аз операция. Одан гӛрі құм тығынын ұңғыны жуу арқылы 
тазалаған жӛн.
Құм тығындарын қайуталанбалы түрде жуу немесе гидробұрғылау 
арқылы тазартады. Жуу сұйығы ретінде тығыздығы қабат қысымына сәйкес 
мұнай, сазды ерітінді, су (ӛңделген БАЗ), аэрацияланған сұйықтық, кӛпіршік 
қолданылад. Жуу айдалатын сұйықтың ағын энергиясының құм 
тығындарының бұзуы және оларды жоғарыға шығаруға негізделген. Жуу 
тура бағытта, кері бағытта, аралас және үздіксіз болуы мүмкін. 
Сурет 4.3. Ұңғыны тура бағытта жуу сұлбасы. 
1 – бағана (стояк); 2 – иілгіш шланга; 
3 – вертлюг;4 – сақтандырғыш ысырма; 
5 – сағалық үшжақ (тройник); 
6 – жуу құбырлары (СКҚ); 
7 – шығатын жұмысшысұйық ағынының жылдамдығын өсіруге арналған 
сұғындырма (насадка). 
Тура бағытта жуу кезінде сұйықты СКҚ арқылы айлайды да, құмды 
құбыраралық кеңістік арқылы шығарады. Ал кері бағытта жууда ағынды кері 
бағытта тудырады. СКҚ-дапн шығатын ағын тығынды жақсы шаяды. 
Тығынның жақсы борпылдақтануын қамтамасыз ету үшін СКҚ-дың тӛменгі 
бӛлігіне әртүрлі ұштамаларды бұрап кигізеді (қиғаш кесілген құбыр, 
сүғындырма, фреза және т.б.). бірақ та тура бағытта жууда ағынның 
жылдамдығы кері бағытта жууға қарағанда тӛмендеу болады. Сондықтан 
аралас жууда шаю СКҚ арқылы жүзеге асырылса, ал құмды шығару үшін 
қайтадан кері бағытта жууға кӛшеді. СКҚ-дың башмагынан жоғарырық 
орнатылатын жуу қондырғысы құбыраралық кеңістік арқылы сұйық айдау, 
башмак арқылы СКҚ-ды шаю және СКҚ арқылы кӛтеру сияқты қызметтерді 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жуу кезінде құбырларды кӛтергіштің 
вертлюгіне іліп қояды, ал сұйық жуу шлангасы арқылы жетеді. Кері бағытта 
жуу кезінде ұңғы сағасы жуу басы (сальник) арқылы герметизацияланады. 
Тура, үздіксіз жуу кезінде де жуу басын қолданады, бұл жерде сұйықтарды 
тоқтаусыз айдағанда құбырларды ӛсіруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет