Қабаттан мұнаймен, бірге шығатын құм түпте құм тығынын түзуі
мүмкін, мұның нәтижесінде мұнайдың ұңғыға ағуы азаяды немесе мүлдем
тоқтайды.
Сорап жұмысы кезінде құм сұйықтықпен бірге сорапқа түсіп оның
бӛлшектерін (детальдерін) тоздырады және плунжер цилиндрде жиі
қысылып қалады.
2. Сорапты құмның зиянды әсерінен қорғаудың негізгі шараларына
тӛмендегілер жатады:
-
ұңғыдан жиналатын сұйықты негізінен
оның шектелу жағына
қарай реттеу;
-
арнайы типті плунжер бар сораптарды қолдану (―құм қырғыш‖
типті, арықшалы);
-
сораптан ӛтетін сұйық ағынындағы құм концентрациясын
тӛмендету және осы сұйық ағынының қозғалыс жылдамдығын
ӛсіру мақсатында ұңғының құбыраралық кеңістігіне мұнай құяды;
-
құбыр тәрізді штангаларды қолдану;
-
құм якорлерін қолдану.
Борпылдақ, әлсіз цементтелген жыныстардағы түп маңын бекіту үшін
фенолформальдегидті, карбамидті
және басқа шайырларды, сонымен қатар
фенол спирттерін қолданады.
Қолданылатын шайырлар кеуекті ортаға ӛту үшін олардың тұтқырлығы
тӛмен және сұйық күйде болу керек, сонымен қатар шайыр қабатта қатты
және сулы фазаға бӛлініп, құммен жақсы араласуы керек. Қабатқа айдалатын
сұйық шайыр құм бӛлшектерін қоршап алады және қатқан кезде цементтеуші
материал рӛлін атқарады. Ішкі каналдарды
алып жатқан сулы фазаны
меңгеру кезінде жойылады.
Ӛңдеуден кейінгі ӛткізгіштіктің күрт тӛмендеуін болдырмау үшін
қабатқа шайырдың үш кӛлемі мӛлшерінде конденсат немесе басқа жеңіл
кӛмірсутек сұйығын айдайды.
Сонымен қатар, түп маңы аймағын бекіту үшін цемент немесе
цементті - құмды ерітінділер қолданылады.
Тұрақсыз
борпылдақ
коллекторлардағы
ұңғыларды пайдалану кезінде кіші диаметрлі тесік
саны кӛп фильтрлерді қолданады.
Қазіргі кезде бар
перфораторлар кӛмегімен кіші диаметрлі иесік тесу
мүмкін болмай отыр. Сондықтан фильтрлерді жер
бетінде дайындап, слдан соң түпке түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: