Бел аймағында- жоғарғы, төменгі, медиалді, латеральді шекаралары ажыратылады:
-жоғарғы шекарасы XII қабыртқа;
-төменгісі мықын қыры;
-медиальді шекарасы-омыртқаның қылқанды өсінділерінен боймен өткізілетін сызық;
-латеральді шекарасы- XI қабыртқадан мықын қырына дейінгі сызық, яғни
ортаңғы
қолтық сызыққа сәйкес орналасқан(Linea axillaris medius).
Бүйректердің құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасына проекциясы:
оң жақ бүйрек- regions epigastrica, umblicalies et abdominalis lateralis dextra
сол жақ бүйрек- regions epigastrica et abdominalis lateralis sinistra Скелетопиясы:
-Оң бүйрек сол бүйректен төмен жатады. Себебі, оң бүйрек бауырдың оң үлесімен
беттесіп орналасқан.
- Омытртқа бағанасының жолында орналасқан, дәлірек айтқанда оң бүйрек- XII-кеуде
омытрқа мен III-бел омытрқа аралағында, ал сол бүйрек- XI-кеуде омытқа мен II-бел
омыртқа аралығында .
-бүйректің екі шеті бар-жоғарғы және төменгі. Төменгі шеті мықын қырынан орташа - 3-5
см-дей жоғары орналасқан.
- Бүйректің алдыңғы нүктесі, яғни, бүйрек қақпаларының іштің алдыңғы қабырғасына
проекциясы: IX-шы қабыртқа шеміршегінің алдыңғы ұшында.
-Бүйректің артқы нүктесі,яғни, бүйрек қақпаларның іштің артқы қабырғасына
проекциясы: тұлғаны жазғыш бұлшықеттердің сыртқы жиегі мен XII-қабыртқа
аралағындағы бұрыш.
Бүйректің кейбір ауруларында , бүйректің осы 2 нүктесін саусақпен басқанда қатты
ауырсыну болады.
Синтопиясы:
-оң жақ және сол жақ бүйректердің екеуінінде жоғарғы шетінде бүйрекүсті бездері
орналасқан;
Оң бүйрек:
Алдыңғы беті-бауырмен(hepar),
Медиальді жиегі-он екі елі ішектің төмендеген бөлігімен (Pars descendens),
Төменгі бөлігінің алдыңғы латеральді бөлімі- тоқішектің оңдақ иінімен(flexura coli dextra)
Алдыңғы медиальді бөлімі-ащыішекпен жанасады.
Сол бүйрек:
Жоғарғы ұшының Алдыңғы беті:
-жоғарғы 1/3 бөлігі-Асқазанмен
-ортаңғы 2/3бөлігі ұйқыбезбен
-латеральді бөлігі көкбауырмен шектескен.
-Төменгі ұшының алдыңғы беті-жіңішке ішектің аш ішек бөлімімен(jejunum),
- латеральді бөлігі- тоқ ішектің сол иінімен(flexura coli sinistra) шектескен.
- Артқы беті- көкетпен шектескен.
Бүйрек қабықтары:
-фиброзды қабық
-майлы қабық
-бүйрек шандыры
Ішастарға қатынасы:
- ішастардың артында экстроперитонеалды орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: