• Бездің алдыңғы беті, facies anterior, негізінен қасаға симфизіне қараған, одан ішінде
веналық өрім орналаскан және де борпылдак шелмаймен бөлінген.
• Қуықасты безінің артқы беті, facies posterior, тік ішектің кең жеріне қарай бағытталып,
тік ішекпен жанасып тұрады, одан жамбас астау шандыр табакшасымен, septum
rectovesicale, бөлінген. Тік ішекпен тұспалас орналасуы, тірі адамдарда тік ішектін
алдыңғы кабырғасы арқылы қуықасты безін ұстап анықтауға мәжбүр етеді.
• Қуықасты безінің төменгі бүйір беті, facies inferolateralis, веналық өрімді көтеретін
бұлшықетке қарайды.
• Қуықасты безінің ұшы, apex prostatae, төмен қарай бағытталып, несеп-жыныс
диафрагмасында орналасқан.
Негізінен қуықасты безінің салмағы – 20-25 г, ал көлденең көлемі – 4 см, бойлық көлемі –
3 см, қалыңдығы шамамен – 2 см шамасында болады. Қуықасты безі тығыз
консистенциялы және де түсі сұр-қызғылт түсті болып келеді. Қуықасты безінің екі үлесі
ажыратылады: оң, lobus dexter, және сол, lobus sinister, үлестері. Осы екі үлестің
шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналаскан терең емес жүлге саналады. Бездің
артқы бетінен шығыңқы орналасқан, несеп шығаратын өзекпен алдынан және де шәует
жіберетін түтіктің артынан шектеліген бөлігін, қуықасты безінің қылтасы isthmus
prostatae, деп немесе оны ортаңғы үлесі, lobus medius, деп атайды. Адам қартайған кезінде
бұл үлес гипертрпфияға ұшырайды, сондықтан да осы кезде несептің шығарылуы
қиындайды. Қуықасты безінің қабырғаларының құрылысына келетін болсақ: қуықасты
безі сыртынан қапшықпен , capsula prostatica, жабылған. Одан бездің ішіне дәнекер тінді
талшықтары тармақталады. Сол безді тіннен parenchyma glandulare, және бірыңғай
салалы бұлшықеттік тіннен, substantia muscularis, құралынған. Қуықасты безінің
бұлшыкеттік тіні несепқуық түбі қабырғасының бұлшықеттік шоғырларымен бірігіп,
негізінен еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттік қысқышының қалыптасуына
қатысады. Қуықасты безінің без жолдары жұп құрап, нүктелі тесіктермен шәует төбешігі
ауданындағы еркек несеп шығару өзегіне ашылатын шығарғыш куықасты без түтігінің,
ductuli prostatici, түтігіне өтеді. Қуықасты безінің қанмен қамтамасыз етілуіне тоқталатын
болсақ: Қуықасты безінің кан айналымы төменгі несепқуықтық және ортаңғы тік ішектік
артериялардан кететін көптеген ұсақ артериалді тармақтар арқылы жүзеге асады. Веналық
қан қуықасты безінен қуықасты безінің веналық өріміне, plexus venosus prostaticus, одан
төменгі несепқуық веналарына, содан соң оң және сол ішкі мықын веналарына құяды.
Қуықасты безінің лимфа тамырлары ішкі мықын лимфа түйіндеріне құяды. Қуықасты
безінің нервтері төменгі құрсақасты өрімнен, plexus hypogastricus inferior, симпатикалық
және парасимпатикалықталшықтары кіретін қуықасты без өрімінен, plexus prostaticus ,
түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: