Әйел шатаралығының ерлер шатаралығынан айырмашылықтары:
Әйелдерде шатаралық аймақ жыныс саңылауының артқы шетінен артқы өтістің,яғни
анустың алдыңғы жиегіне дейін, ал ерлерде ұманың артқы шетінен арткы өтістің алдыңғы
шетіне дейінгі аралықта орналасқан.
Әйелдерде -несеп-жыныс диафрагмасының ені көлемі жағынан үлкен, ол арқылы несеп
шығаратын өзек және қынап өтеді. Әйелдерде шатаралық аймақтың бұлшықеттері
ерлердің шатаралықтағы бұлшықеттеріне қарағанда нашар дамыған.Сонымен қатар-
әйелдер де несеп-жыныс диафрагмасының жоғарғы және төменгі фасциялары
жақсы
дамыған,ал шатаралықтың терең көлденең бұлшықеті нашар жетілген. Несеп шығаратын
өзегінің қысқыш бұлшықетінің будалары қынапты қоршай және оның қабырғасына
шырмала орналасқан.
Әйел несеп-жыныс өзегінің сфинктерінің бұлшықеттік түйіндері қынаппен бірге
қабырғасын өрім арқылы ұстап тұрады. Қынап пен артқы өтіс арасында орналасатын
шаттың сіңір орталығы, сіңірлі және эластикалық талшықтардан тұрады .
Жамбас диафрагмасы арқылы ер адамдарда зәр шығарушы түтік, ал әйел адамдарда зәр
шығарушы түтікпен қоса қынап және тік ішектің соңғы бөлігі өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: