2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы



Pdf көрінісі
бет167/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

150.Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы. 
Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне әйелдің жыныстық аймағы, pudendum femininum, 
және деліткі, clitoris, жатады. Ал, әйелдің жыныстық аймағына қасаға, үлкен және кіші 
жыныс ернеулері, қынап кіреберісі жатады.
• Қасаға, pons pubis, үстінен іш аймағынан қасаға жүлгесімен, саннан жамбас-сан 
жүлгесімен бөлінеді. Қасаға негізінен іш аймағына өтпейтін түктеріменен жабылған. 
Қасаға аймағында теріасты майлы қабат жаксы дамыған.
• Үлкен жыныс ернеулері, labia majora pudendi, сопақша пішінді қос тері катпары болып 
табылады. Ұзындығы 7-8 см және ені 2-3 см болып келеді. Үлкен жыныс ернеулері жыныс 
саңылауын, гіmа pudendi, бүйірлерінен шектейді. Үлкен жыныс ернеулері бір-бірімен 
дәнекер арқылы косылады: кеңдеуі - ернеудің алдыңғы дәнекері, comissura labiorum 
anterior, және тарлауы - ернеудің артқы дәнекері, comissura labiorum posterior болып 
табылады. Ішкі бетімен үлкен жыныс ернеулері бір-біріне карайды, қызғылт түсті және 
шырышты қабыққа ұқсас болып келеді. Үлкен жыныс ернеулерін қаптайтын тері 
жамылғысы пигменттелген, көптеген май және тері бездері бар болып табылады.
• Кіші жыныс ернеуі, labia minora pudendi, ұзыннан келген қос жіңішке тері қатпарларын 
кіші жыныс ернеулері деп атаймыз. Кіші жыныс ернеулері негізінен үлкен жыныс 
ернеулері арасындағы жыныс саңылауында қынап кіреберісін шектеп орналасқан. Үлкен 
жыныс ернеулерімен сыбайласып жатқан сыртқы беті мен ішкі беті бір-біріне қараған. 
Кіші жыныс ернеулерінің қырлары жұқарған және бос болады. Кіші жыныс ернеулері 
майлы торсыз дәнекер тіннен құралған, құрамында көптеген эластикалық талшықтар, 
бұлшықет жасушалары және веналық өрімдер бар болып табылады. Артқы кырлары бір-
бірімен қосылып, ұзыннан қатпар - жыныс ернеулерінің жүгеншігін, frenulum labiorum 
pudendi, құрайды. Жыныс ернеулерінің жүгеншігі қынап кіреберісінің шұңқырын, fossa 
vestibuli vaginae, шектейді. Олар әрбір кіші жыныс ернеулерінің жоғарғы шеттері деліткіге 
қарай бағытталып, екі аяқшаларға бөлінеді. Кіші жыныс ернеулерінің латералді аяқшасы 
деліткінің бүйірінен өтіп, үстінен коршайды. Латералді аяқшалар бір-бірімен қосылып, 
олар деліткі күпегін, preputium clitoridis, түзеді. Кіші жыныс ернеулерінің медиалді 
аяқшасы қысқалау келген. Ол деліткі астынан келіп, қарама-қарсы жақтағы аякшалармен 


қосылып деліткі жүгеншігін, frenulum clitoridis, түзеді. Кіші жыныс ернеулерінің тері 
қалындығында май бездері жатады.
• Қынап кіреберісі, vestibulum vaginae, ол бүйірінен кіші жыныс ернеулерінің медиалді 
беттерімен шектелген тақ, артқы жағынан кынап кіреберісінің шұңқыры және үстінде 
алдыңғы жағынан деліткі орналаскан. Кіреберіс тереңдігінде тақ қынап тесігі, ostium 
vaginae, жатады. Қынап кіреберісіне алдынан деліткі және артынан қынапқа енетін жері 
арасында әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі, әйел үрпісі, ostium urethrae 
externum, ашылады. Ол қынап кіреберісі мен деліткі арасында орналасып, еміздікше 
ұшында ашылады. Қынап кіреберісіне үлкен және кіші кіреберісінің өзектері ашылады. 
Үлкен кіреберіс безі, glandula vestibularis major, еркектердің буылтық-несеп шығаратын 
өзек безіне сәйкес келеді. Үлкен кіреберіс бездері кіреберіс буылтығының артында, кіші 
жыныс ернеулерінің негізінде орналаскан. Ол қынапка ену жолының қабырғаларын 
ылғалдандыратын шырыш бөледі. Бұны негізінен сопакша пішінді ұяшыкты - түтікті 
бездер деп атайды. 
• Үлкен кіреберіс өзектерінін бездері кіші жыныс ернеулерінің негізіне ашылады. Кіші 
кіреберіс безі, glandulae vestibulares minores, олардың өзектері ашылатын қынап кіреберісі 
қабырғаларының калыңдығында орналаскан. Кіреберіс буылтығы, bulbus vestibuli, дамуы 
және құрылысы бойынша еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесімен сәйкес келеді, әйел 
несеп щығаратын өзегінің сыртқы тесігі мен деліткі арасында орналасқан, пішіні ортасы 
жұкарған таға тәрізді болып келеді. Кіреберіс буылтығының бүйірлері сәл жалпайған және 
өзінің артқы ұштарымен үлкен кіреберіс бездерімен сыбайласып, үлкен жыныс ернеулері 
неігізінде орналаскан. Кіреберіс буылтығы сыртынан буылтықтык бұлшықеттермен 
қапталған. Кіреберіс буылтығы дәнекер тін мен тегіс бұлшықет жасушаларының 
шоғырларымен қапталған веналардың қалың өрімінен тұрады.
• Деліткі, clitoris, негізінен еркектің жыныс мүшесінін үңгірлі денесінің гомологы болып 
табылады және де әрқайсысы деліткі аякшасынан, crus clitoridis, басталатын деліткінің қос 
үңгірлі денесінен, corpus cavernosum clitoridis, құралған. Деліткі аяқшалары цилиндр 
пішінді және қасаға симфизінің төменгі бөлігінің астында қосылып, ұзындығы 2,5-3,5 см-
ге дейін жететін деліткі денесін, corpus clitoridis, кұрайды. Деліткі денесі сыртынан ақ 
қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum dextrum etsinistrum, қапталған, ал 
деліткінің өзі деліткі басымен, glans clitoridis, аяқталады. Деліткінің үңгірлі денелері еркек 
жыныс мүшесінің үңгірлі денесі сиякты үңгірлі тін мен және де каверналардан құралған. 
Деліткі үстінен деліткі күпегімен, preputium clitoridis, шектелген, астынан деліткі 
жүгеншігі, frenulum clitoridis, бар. Әйел несеп шығаратын өзегі, urethra feminina, - тақ 
мүше болып табылады, ол қуықтан әйел несеп шығаратын сыртқы тесігімен, ostium 
urethrae internum, басталады да, кынап тесігінен жоғары және алға қарай ашылатын 
сыртқы тесікпен, ostium urethrae externum, аякталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет