159. Рефлекторлық доғалар, қарапайым /2 және 3 / және күрделі. Текст.ру 100 антиплагиат.ру 100 Рефлекторлық доға дегеніміз нейрондардың бір-біріне тізбектеле қосылуын айтамыз. Ол
тітіркендіргіштерді қабылдап, қоздыру энергиясын нерв импульсіне трансформациялап,
оларды нерв орталықтарына жеткізіп, ол ақпартты өңдеп, одан ары қарай жауап беруін
қамтамасыз етеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Олардың
айырмашылығы қарапайым мен рефлекстік доғаның бөлімдеріне байланысты. Қарапайым
рефлекстік доға 3 бөлімнен ғана тұрады, ал күрделі доға бірнеше қосымша ассоциативті
нейрондардан, яғни бөлімдерден тұрады. Ең алдымен қарапайым доға афференттік бөлім,
эфференттік бөлім, ассоциативтік бөлімнен тұрады. Афференттік бөлімінде сезімтал
нейрондар болады. Сондықтан бұл бөлімді сезімталдық немесе рецепторлық бөлім деп те
атайды. Ол рецепторлардан басталып, аксондары жұлынға және миға бағытталып,
ассоциативтік немесе эфференттік нейронда синапспен аяқталады. Келесі ассоциативтік
бөлім оны байланыстырғыш немесе қосымша бөлім деп те атайды. Ол қысқа аксон не ұсақ
мультиполярлы жасушалар түрінде болады. Ол ары қарай эфференттік нейронмен синапс
арқылы жалғанады. Эфференттік бөлім мультиполярлы жасушалар түрінде болады. Олар
нейронның денесі мен дендриттерінде орналасады. Эфференттік нейрондар нерв-
бұлшықеттік синапс арқылы жұмыс атқаратын ағзамен байланысады.
Енді күрделі рефлекстік доғаға келетін болсақ ол бірнеше ассоциативтік нейрондардан
тұрады. Онда ассоциативті нейрондар келген ақпаратты жинақтайды, оларды ары қарай
интеграциялық орталыққа жібереді. Онда ол ақпарат өңделіп, жауап беру реакциясы
туындайды. Импульс эфференттік нейрондарға беріледі. Интеграциялық орталықтарға
мишық, ортаңғы ми, аралық ми, үлкен ми жарты шарының қыртысы жатады. Мишық ол
тепе-теңдік пен вестибулярлық функциялардың орталығы болып табылады. Ортаңғы ми
есту, көру, көру, сипап сезудің орталығы, ал аралық ми барлық сезінудің орталығы. Үлкен
ми жарты шарының қыртысы ойлау, оқу, жазу, есте сақтауды жүзеге асыратын орталық.
Қорытындылай келе, рефлекторлық доға тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын
реакцияларды айтамыз. Рефлекторлық доға афференттік, аралық және эфференттік
бөлімдерден тұрады. Рефлекторлық доға қарапайым және күрделі деп бөлінеді.
Қарапайым ол тек негізгі 3 бөлімнен ғана тұрады, ал күрделі ол қосымша ассоциативтік
нейрондардан тұрады.