156.Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі –нейрон. Text.ru 94.13% антиплагиат.ру 100 Нерв жүйесі латынша systema nervosum деп аталады. Нерв жүйесі сыртқы ұрықтық
табақтан және эктодермадан дамиды. Нерв жүйесі алғашында нерв пластинкасы түрінде
басталады. Бұл пластинкалардың жиектері қалыңдап, бір-біріне жақындайды. Осыдан
пластинка тереңдеп, нерв жүйесін түзеді. Пластинкалардың жиектері бір-бірімен
қосылып, нерв түтігін қалыптастырады. Ары қарай олар түйіндік немесе ганглиоздық
пластинкаларды құрайды. Ол пластинкалар 2 бөлініп, дорсальді бөлімі жағында
омыртқааралық түйіндерді, ал қалған бөлігі симпатикалық нерв жүйесінің нерв түйіндік
тобын құрайды. Нейрон-нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі болып табылады.
Нейрон латынша neuron деп аталады. Нейрон құрылысы жағынан денеден және
өсінділерден тұрады. Өсінділердің біреуі ұзын, ал екінші түрі қысқа болады. Ұзыны аксон
немесе нейрит деп аталады. Ал қысқа өсінділер дендриттер деп аталады. Нейрондр
өсіндісінің санына байланысты мультиполярлы, биполярлы және униполярлы деген
түрлері болады. Мультиполярлы дегеніміз өсінділері көп болса айтады, биполярлы ол 2
өсіндісі болса, ал униполярлы 1 өсінділіні айтады. Нейрон ақ заттан және сұр зааттан
тұрады. Оның денесі сұр заттан, ал өсінділері ақ заттан тұрады. Нейронның қызметі
тітіркенуді қабылдап, оны өңдеп, басқа нейронға немесе жұмыс атқаратын нейронға
жеткізу. Сонымен қатар нейрондар өсінділер санына байланысты ғана емес, сонымен
қатар атқаратын қызметіне байланысты болады. Олар қызметіне қарай афференттік,
аралық, эфференттік деп бөлінеді. Афференттік немесе рецепторлық нейрондар аты атап
тұрғандай рецепторда пайда болған қозуларды орталық жүйке жүйесіне жеткізіп отырады.
Аралық нейрон аффаренттік және эфференттік нейрондарды байланыстыру қызметін
атқарады. Эфференттік нейрон қозуды орталық жүйке жүйесінен шеткі ағзаларға жеткізіп
отырады.
Қорытындылай келе, нейрон- нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі болып
табылады. Нейрон денесінен және өсінділерден тұрады. Нейронның атқаратын қызметі
қозуды өткізу, импульсті түзу, оларды қабылдау жатады.