ортаққуысы ромб тәрізді ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша
түзеді.Оның вентралды және бүйір қабырғалары бассүйек жүйкелері ядроларының, дамуы
нәтижесінде қатты қалыңдайды да, ал дорсалды қабырғасы жұқа күйде қалады. Сопақша
ми аймағында оның көп бөлігі жұмсақ қабықпен бітісіп кететін тек бір ғана эпителий
қабатынан тұрады (tela choroidea inferior).
Ортаңғы ми көпіршігінің mesencephalon қабырғалары ми затыдамығанда бірқалыпты
қалыңдайды. Олардан вентралды миаяқшалары,ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі
пайда болады. Ортаңғы көпіршіктің қуысы IV қарыншамен қосылатын тар
өзеккесуқұбырға айналады.
Артқы diencephalon (аралық ми) және алдыңғы telencephalon (соңғы ми) бӛліктеріне
бөлінетін алдыңғы ми кӛпіршігі prosencephalon жақсы дамып, пішін жағынан көбірек
өзгеріске ұшырайды. Аралықмидың бүйір қабырғалары қалыңдап, таламустар (thalami)
түзеді.Аралық мидың дорсалды қабырғасы жұқа, ол жұмсақ қабықпен бітісіп кететін
эпителилі табақша күйінде қалады. Осы қабырғаның артында кішкене өсінді пайда
болып,соның есебінен томпақ дене corpus pineale түзіледі. Көз көпіршіктерінің аяқшалары
алдыңғы ми көпіршігі қабырғасының вентралды жағына тартылып келеді, соның
нәтижесінде алдыңғы қабырғасы жұқа laminaterminalis тұратын осы көпіршік қуысының
түбінде ұңғыл recessusopticus түзіледі, оның артында басқа бір құйғыш тәрізді ұңғыл
пайда болады, оның қабырғаларынан tubercinereum, infundibulum және hypophysis cerebri
дің артқы үлесі түзіледі. Одан әрірек арт қарай diencephalon аймағында жеке томпақ
түрінде жұп corporamammilaria-ның іргесі қаланады.
Аралық ми қуысын III қарынша түзеді. Telencephalonортаңғы,кішілеу бөлікке
(parsmediana) және екі үлкен бүйір бӛліктерге үлкен ми сыңарларына hemispheria dextrum
et sinistrum бөлінеді,үлкен ми сыңарлары адамда өте күшті ұлғайып өсіп, көлемі жағынан
мидың қалған бөлімдерінен едәуір артып кетеді.
Әрбір сыңардың негізінде, оның ішінде шығыңқы жер пайда болады, одан жолақ дене
corpus stratum дамиды. Әрбір ми сыңарының төменгі жағында,құрсақта дамудың бесінші
аптасында-ақ иіс сезу миының rhinocephalon бастамасы түзіледі, ол біртіндеп fissura
rhinalis lateralis- ке сәйкес келетін жүлгеше арқылы, ми сыңарларықабырғасынан
шекараланады. Ми сыңарлары қабырғаларында сұр зат (қыртыстың), одан кейін ақ зат
дамып өседі, сөйтіп ми сыңары үлкейіп, иіссезу миын және таламустар мен бірге ортаңғы
мидың дорсалды бетімен бірге мишықты жауып тұратын жамылғы –pallium түзеді. Ми
сыңары алдымен маңдай бөлігінде, содан кейін шеке мен шүйде, ең сонын да самай
үлестері аймағында өсіп үлкейеді. Сол себепті жамылғы таламустарды қоршап айналатын
сияқты болып көрінеді, ол алғашқыда алдынан артына, содан төмен қарай айналып,
маңдай үлесіне келеді. Осының нәтижесінде ми сыңарының бүйір бетінде, маңдай мен
оған жақын жатқан самай үлесі арасында шұңқыр fossa lateralis cerebri пайда болады, ол
үлкен мидың аталған үлестері жақындасқанда саңылауға sulcus cerebri lateralis айналады,
оның түбінде аралшық insula түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: