Көлденең шүйде жүлгесі, sulcus occipitalis transversus, кейде төбеішіндегі жүлгенің артқы
шетінің жалғасы болады.Латералді шүйде жүлгелері, sulci occipitales laterales,
шүйдеүлесінің латералді-төменгі бетін бірнеше катар латералді шүйде қатпарларына, gyri
occipitales laterales, бөледі.
Самай үлесінің, lobustemporalis , айқын шекаралары бар. Оның сыртқы (латералді) -
шығыңқы және төменгі (негізгі) - кысыңкы беттерін ажыратады.
Мидың латералді жүлгесі оны маңдай үлесінен шектейді. Оның төменгі бетіндегі жатқан
гиппокамп жүлгесі, sulcus hippocampi, оными сабауынан бөледі.
Латералді бетіндегі екі жүлге - жоғарғы самай жүлгесі, sulcus temporalis superior, және
ортаңғы самай жүлгесі, sulcus temporalis media, самай үлесін үш катпарға: бірінші, екінші
және үшіншінемесе сәйкес жоғарғы, ортаңғы, төменгі самай катпарлары, gyri temporales
superior, medius, inferior.
Латералді бетіндегі төменгі самай қатпары самай үлесінің негізгібетіне өтеді, оны қысқа
және ұсақ төменгі самай жүлгесі, sulcustemporalis inferior, шектейді. Осы жүлгеден
медиалді латералдішүйде-самай катпары, gyrus occipitotemporal is lateralis, ал оданішке -
жанама жүлге, sulcus collateralis, орналасады.
Жанама жүлге гиппокамп жанындағы қатпарды, gyrus parahippocampalis, шектейді, ол
оның жүлгесімен тістік қатпардан, gyrus dentatus, бөлінеді.
Маңдай үлесінің көзұялық беті, facies orbitalis lobi frontalis, маңдайүлесінің төменгі негізгі
бетінен, медиалді жиектен иіс сезу жүлгесі,sulcus olfactorius, алға бағытталады, жүлгеде
иіс сезу буылтығы,bulbus olfactorius, жатады, одан иіс сезу жолына, tractus
olfactorius,жалғасады.
Иіс сезу жүлгесі иіс сезу буылтығыньң алдыңғы шетінен кішкене алға шығып тұрады,
артқы бөліктерімен иіс сезу үшбұрышының,trigonum olfactorium, дорсалді бетінде
орналасатын иіс сезу төмпешігін, tuberculum olfactorium, қоршайды.
Иіс сезу жүлгесінен ішке, тік қатпар, gyrus rectus, жатады, оның артқы бөлімдері алдыңғы
тесіктелген затқа жетеді. Ол кесілген қысқа көзұялық жүлгелермен, sulci orbitales, бірнеше
ұсақ көзұялық қатпарларға, gyri orbitales, бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: