2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері



Pdf көрінісі
бет186/199
Дата16.12.2022
өлшемі1,83 Mb.
#163057
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

2.Орталық бөлім: 
• Күмбезді қатпар(gyrus fornicatus) (үш қатпардан тұрады: бел, истмус және 
парагипокампальды қатпар) 
• 
Гиппокамп ілгегі (uncus hippocampi) 
• 
Тісті қатпар(gyrus dentatus) 
• 
Сұр жамылғы ( indusium griseum) 
167.Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе.
100%
 
Соңғы мидың базалді ядролары:


1) Құйрықты ядро, nucleus caudatus, құйрықты ядро басынан, caput nuclei caudati, 
құйрықты ядро денесінен, corpus nuclei caudati, кұйрықты ядро құйрығынан, cauda nucleus 
caudati, тұрады. 
2) Жасымықтәрізді ядро, nucleus lentiformis, құйрықты ядро сыртында орналасады. Ол 3 
ядроға бөлінеді. Латералді орналасатын ядро - кабық, putamen, ал қалған екеуі бозғылт 
шар, globus pallidus. 
Құйрықты және жасымықтәрізді ядроларды жалпы жолақ дене, corpus striatum, атауына 
біріктіреді. 
3) Шарбақ, claustrum, жасымықтәрізді ядродан тысқары жатады. Алдыңғы бөлігі 
калындаған керілген пішінді табақшадан тұрады. Табақшаның медиалді жиегі тегіс, ал 
латералді жиегінде сұр заттың кішкене шығыңқылары өтеді. 
4) Бадамшатәрізді дене, corpus amygdaloideum, немесе nucleus amygdale (BNA) самай үлес 
қалыңдығында polus temporalis аймағында, төменгі мүйіз ұшының алдында орналасады. 
Ядролар бір-бірінен ақ заттың жолақтары - капсулалармен, capsulae, бөлінген.
1. Ішкі капсула, capsula interna-таламус, құйрықты жасымықтәрізді ядро арасында 
2. Сыртқы капсула, capsula externa- жасымықтәрізді ядро мен шарбақ арасында 
3. Ең сыртқы капсула, capsula extrema- шарбақ пен аралшық қыртысы арасында 
Экстрапирамидалық жүйенің бөлігі-жолақты дененің ядролары мен олардың афферентті 
және эфферентті жолдарын біріктіретін стриопаллидарлық жүйесі. Стриопаллидар 
жүйесінде филогенетикалық тұрғыдан жаңа бөлік бөлінеді-жолақ дене, оған құйрықты 
ядросы мен жасымықтәрізді ядро қабығы, филогенетикалық тұрғыдан ескі бөлігі — 
паллидум (бозғылт шар) жатады. Паллидум жүйесіне қара зат,substantia nigra, мидың 
аяқтарында орналасқан қызыл ядролар,Nucleus ruber, кіреді. 
Striatum және pallidum-ға импульстар көз төмпесінің өткізгіштері арқылы өтеді. Олар 
экстрапирамидалық жүйенің тек thalamus opticus-пен ғана емес, сонымен бірге көз 
төмпесінің және ми қыртысының көмегімен байланысын орнатады. Осы жолмен (thalamus 
opticus — strio-pallidum) экстрапирамидті аппараттардың "еркін", кортикальды 
қозғалыстар жүйесіне қосылуы жүреді. 
Экстрапирамидалық жүйеден импульстар сегменттік қозғалтқыш аппараттарына және 
бұлшықетке төмен түсетін өткізгіштер бойынша жүреді: 
монаковтың байламындағы қызыл ядролардан (tractus rubro-spinalis); 
Даркшевичтің ядросынан артқы бойлық байлам бойынша (fasciculus longitudinalis 
posterior) III, IV, VI нервтердің ядроларына және оның көмегімен вестибулярлық жүйке 
ядросына; 
tractus vestibulo - spinalis бойынша вестибулярлық жүйке ядросынан; 
төбешіктен бастап tractus tecto-spinalis және т. б. 
Стриопаллидар жүйесі қозғалыс жасауға "алдын-ала дайындықтың" негізін қамтамасыз 
ете бастады; осыған байланысты мидың кортексімен басқарылатын жылдам, дәл, қатаң 
сараланған қозғалыстар жүзеге асырылады. Қозғалыс жасау үшін кейбір бұлшықеттердің 


қысқаруы, ал басқалары босаңсуы керек.Бұл жүйе қозғалыс кезінде бұлшықет энергиясын 
ең үнемді тұтынуды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   199




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет